Дзюдо федерациясы "SportWay Expo, Almaty 2015" көрмесіне қатысты

12:07 | 26 сәуір 2015

23-25 сәуір аралығында Алматы қаласында "SportWay Expo, Almaty 2015" көрмесі өткізілді. Көрмеге келушілер әр спорт түрінің жетістіктері мен ерекшеліктерін және болашақ спортшыға тигізер пайдасын көруге мүмкіндік алды. Дзюдо федерациясы атынан көрме барысында әлем біріншілігі туралы ақпараттық ролик көрсетіліп, басқа да мәліметтер ұсынылды және спорт мектебінің дзюдошылары өз өнерлерін ортаға салды. Ал Олимпиада жүлдегері Асхат Жіткеев келушілерге қолтаңбасын беріп, естелік суретке түсті. Сонымен қатар, ұлттық киімдегі қазақ батырлары өздерінің алып денелерімен жұртшылықты таңырқатты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар