Жаңалықтар

10:43 | 04 ақпан 2015
2014 жыл өзіңіз үшін табысты өтті деп есептейміз, еліміздің намысын қорғап, Қазақстанның тарихында дзюдо күресінен тұңғыш рет Азиада жеңімпаз атандыңыз, дегенмен өткен жылғы жарыс алаңындағы өнеріңіз өзіңіздің көңіліңізден шықты ма? -Өткен жылғы біздің басты мақсатымыз Азия ойындарында жоғары жетістікке жету болды. Әрине, жарыс тартысты өтті. Өздеріңіз білесіздер Азия құрлығында да мықты дзюдошылар аз емес. Дегенмен намысты қолдан бермедік. Менің ойымша…
13:47 | 02 ақпан 2015
Орталық коммуникациялар қызметінде Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы өкілдері және Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек биыл әлем біріншілігі Астана қаласында өткізілетінін хабарлады. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр. Федерацияның даму жөніндегі директоры Асхат Жіткеев дзюдодан ұлттық құрама Жапонияда жаттығу жасап жатқанын жеткізді. Сонымен…
00:18 | 20 қаңтар 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, федерацияның Құрметті президенті Махмұтов Бекет Сапабекұлын туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!
11:01 | 19 қаңтар 2015
Қаңтар айының 15-18 аралығында Талдықорған қаласында жасөспірімдер арасында қысқы демалыс күндеріне арналған дәстүрлі ашық республикалық турнир өткізілді. Оған еліміздің 10 облысынан және Қырғызтаннан екі команда қатысты. Жалпы саны 500- ге тарта спортшы бақ сынады. Жарыстан соң оқу –жаттығу жиыны басталды. Оған 10 облыстан, 100-ден астам спортшы қатысуда.
12:10 | 13 қаңтар 2015
Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы Моңғолия Республикасының дзюдо федерациясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа сай тараптар өз мемлекеттерінде өткізілетін спорттық іс-шаралар туралы ақпаратпен, дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларымен, ұлттық құрама командаларды дайындау мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік құралдарымен бөліседі. Сонымен қатар, спорттық ғимараттар құрылысы, оларды пайдалану және басқару, спорттық маркетингті дамыту тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасу көзделген.

Әлеуметтік желідегі парақшалар