Белгілі спортшылар шеберлік сабағын өткізді
17:14 | 05 сәуір 2015
Бүгін Астанада белгілі спортшылар «Жас батыр» спорт кешенінде жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді. Олардың қатарында жастар арасында дзюдо күресінен Азия чемпионы Әйгерім Әбілқадырова да болды. Ол жас дзюдошыларға өз күрес әдісін көрсетіп, Қазақстан дзюдо федерациясы атынан кимоно табыс етті. Өз сөзінде Әйгерім соңғы уақытта мемлекет тарапынан дзюдо күресінің дамуына ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтіп, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы басшылығына спортышларды жан-жақты қолдауы үшін дзюдодан жастар құрамасы атынан алғыс айтты.
0 пікірлер