Жаңалықтар

17:14 | 05 сәуір 2015
Бүгін Астанада белгілі спортшылар «Жас батыр» спорт кешенінде жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді. Олардың қатарында жастар арасында дзюдо күресінен Азия чемпионы Әйгерім Әбілқадырова да болды. Ол жас дзюдошыларға өз күрес әдісін көрсетіп, Қазақстан дзюдо федерациясы атынан кимоно табыс етті. Өз сөзінде Әйгерім соңғы уақытта мемлекет тарапынан дзюдо күресінің дамуына ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтіп, Спорттық жекпе-жек және күш…
20:58 | 04 сәуір 2015
Тверь (Ресей) қаласында өтіп жатқан Еуропа Кубогында еліміздің жасөспірімдер құрамасы бақ сынап жатыр. Жарыстың бірінші күні Жанқожа Марат (66 келі) күміс жүлдені жеңіп алды, Айболат Ыстыбай (50 келі) мен Дамир Әбдеков (60 келі) үшінші орын алса, қыздардан Ақмарал Науатбектің (44 келі) еншісінде күміс жүлде, ал Аида Карчаева (52 келі) қола медаль иегері атанды.
19:56 | 04 сәуір 2015
Сәуір айының 2-4 аралығында Шымкент қаласында жастар арасында өткен халықаралық жарыста 300-ден астам спортшы бақ сынады. Оның ішінде еліміздің 13 облысынан, Өзбекстан мен Қырғызстан жәна Тәжікстаннан да командалар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға 40 000, екінші орынға 20 000, ал үшінші орын иегеріне 10 000 теңге табысталды. Жарыс жүлдегерлерінің аты - жөндерімен толық сайттың «нәтижелер» бөлімінен таныса аласыздар
13:09 | 03 сәуір 2015
Конфедерация спортшылары Батыс Қазақстан облысында Елбасының қатысуымен өткен «Жастар қуатты Қазақстан үшін!» республикалық форумына қатысты. Форумға студент, спортшы, шығармашыл және жұмысшы жастардың 2000-ға жуық өкілі келді. Сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының жастары да тікелей эфир арқылы осы іс-шараға қатысты. Конфедерацияның қатарынан Форумға атақты спортшыларымыз Серік Сәпиев, Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Дәнияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және Максим Раков шақырылды.…
14:06 | 01 сәуір 2015
Ағымдағы жылдың 4-5 сәуір аралығында Ресейдің Тверь қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа Кубогы өткізіледі. Оған қазақ құрамасының келесідей спортшылары қатысады: Ерлер: Аят Танғатар (50 келі) Дияс Әшімов (55 келі) Дамир Әбдеков (60 келі) Ришад Махмут (60 келі) Сұңғат Жұбатхан (66 келі) Жанқожа Марат (66 келі) Қуан Барыс (66 келі) Мәди Амангелді (73 келі) Санжар Балғымбеков (73 келі) Дәулет Ахмет (81 келі)…

Әлеуметтік желідегі парақшалар