Жаңалықтар

13:40 | 16 мамыр 2016
Алматыда өткен Гран При жарысының аясында ұлттық құрама дзюдошылары Максим Раков пен Елдос Сметов «Қайрат» ФК-ның капитаны Бауыржан Исламхан мен шабуылшысы Андрей Аршавинге аты-жөндері жазылған кимоно сыйлады. Кездесу барысында спортшылар келесідей пікірлерімен бөлісті: Бауыржан Исламхан: -«Мен спорттың бұл түрін өте қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Қазақстандық дзюдошыларымыздың жетістіктерін естігенде қуанып жатамыз. Өз өңірімнен шыққан атақты дзюдошы Елдос Сметовты көргеніме қуаныштымын. Елдоспен қатар,…
18:48 | 15 мамыр 2016
13 мамыр Алматыда еліміздегі тұңғыш дзюдо Академиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлы Арыстанбек, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық Дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абылғазин және ҚР Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысты. Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек: «Халықаралық стандартқа сай салынған академияның біздің елімізде…
17:58 | 15 мамыр 2016
Жарыстың үшінші күні қазақ құрамасынан ерлер арасында 90 келіде Дәулетхан Жақыпов көрермендер көзайымына айналды, ол қола жүлдеге жақын еді, алайда словениялық Михайл Зганкқа ұтылып бесінші орынға тұрақтады.Ал, қыздар арасында 78 келіге дейінгі салмақта Альбина Амангельдиева күміс жүлдегер атанды.
15:50 | 15 мамыр 2016
«Grand Prix» жарысының үшінші күнінде бес салмақ бойынша (- 78, + 78, -90, - 100, + 100 ) балуандар күресіп жатыр. Жалпы Қазақстан құрамасынан бүгін 16 спортшымыз татамиге шығып, Амангельдиева Альбина (-78 келі) мен Дәулетхан Жақыпов (-90 келі) жақсы нәтиже көрсетті. Жұбаныш белдесуінде Гүлжан Исанова ереже бұзғаны үшін жарыстан шығарылды. Ақтық сында Амангельдиева Альбина алтын үшін қытайлық балуан Жанг Жехунмен…
19:43 | 14 мамыр 2016
Алматыда өтіп жатқан «Grand Prix» жарысының екінші күні аяқталды. Бүгін татамиге Қазақстан құрамасынан 4 салмақта (-63, - 70, - 73, - 81) 16 спортшы қатысып, бір спортшымыз қола жүлдені қоржынға салды. Жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама бір алтын, екі күміс, екі қоламен 84 ел арасында екінші орынға орналасты. Екінші қоланы бүгін 73 келідегі балуанымыз Дидар Хамза иеленді. Ол…

Әлеуметтік желідегі парақшалар