Cпортшылар сыйластығы
Алматыда өткен Гран При жарысының аясында ұлттық құрама дзюдошылары Максим Раков пен Елдос Сметов «Қайрат» ФК-ның капитаны Бауыржан Исламхан мен шабуылшысы Андрей Аршавинге аты-жөндері жазылған кимоно сыйлады. Кездесу барысында спортшылар келесідей пікірлерімен бөлісті:
Бауыржан Исламхан:
-«Мен спорттың бұл түрін өте қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Қазақстандық дзюдошыларымыздың жетістіктерін естігенде қуанып жатамыз. Өз өңірімнен шыққан атақты дзюдошы Елдос Сметовты көргеніме қуаныштымын. Елдоспен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасындағы әрбір спортшыға алдағы Рио-2016 Олимпиадасында сәттілік тілеймін».
Елдос Сметов:
-«Қазақстан халқы дзюдоны жақсы көреді және бізді үнемі қолдап жүреді, бұл бізге күш береді. Бүгінде спорттың басқа түрімен шұғылданатын спортшылармен кездесіп, олармен әңгімелескеннің өзі біздің спорт түріне деген көзқарастарының бейжай еместігін көрсетеді деп ойлаймын».
Қайрат командасы ойыншыларының аты-жөндері мен клуб төсбелгісі слынған кимоноларды Халықаралық дзюдо федерациясы арнайы алып келген. Олар біздің еліміздегі спорттың жоғары дәрежеде дамып жатқандығынан хабардар. Халықаралық Дзюдо федерациясының медиа менеджері Марк Пикерингтің айтуынша, бұл екі спортшыны таңдағандары тегін емес. Оның ойынша, Бауыржан Исламхан мен Андрей Аршавин спорттың дамуына үлкен үлестерін қосып жүр. Сондай-ақ, ХДФ менеджері Марк Пикеринг қазақстандық боскшы Геннадий Головниннің де жанкүйері екен, ол Алматы да GGG деген жазумен көмкерілген футболканы киіп жүргені де соның айғағы болса керек.
0 пікірлер