Гран При. Қазақстан қоржынына тағы бір қола қосылды
Алматыда өтіп жатқан «Grand Prix» жарысының екінші күні аяқталды. Бүгін татамиге Қазақстан құрамасынан 4 салмақта (-63, - 70, - 73, - 81) 16 спортшы қатысып, бір спортшымыз қола жүлдені қоржынға салды. Жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама бір алтын, екі күміс, екі қоламен 84 ел арасында екінші орынға орналасты. Екінші қоланы бүгін 73 келідегі балуанымыз Дидар Хамза иеленді. Ол Олимпиада және әлем біріншілігінің қола жүлдегері, белгілі моңғол балуанын Сайнжаргал Ниам Ошириді ұтты.
Ертең, жарыстың үшінші күнінде Қазақстан ұлттық құрамасынан 14 дзюдошы шығатын болады. Олар:
Дәулетхан Жақыпов (90 келі)
Тимур Жарасов (90 келі)
Мейрамбек Жанабай (90 келі)
Самат Есен (90 келі)
Виктор Демьяненко (100 келі)
Айбек Серікбаев (100 келі)
Нұрым Сәлімгерей (100 келі)
Ержан Шынкеев (+ 100 келі)
Әділ Оразбаев (+ 100 келі)
Айтуар Абдулов (+ 100 келі)
Руслан Әбдразақов (+100 келі)
Амангельдиева Альбина (78 келі)
Райфова Зарина (78 келі)
Қадірбекова Перизат (78 келі)
Исанова Гүлжан(+78 келі)
Маратова Назгүл(+78 келі)
Сондай-ақ, «Grand Prix» жарысында жүлдегерлерге берілетін ұпай сандарын естеріңізге саламыз:
1 орын - 300
2 орын - 180
3 орын - 120
0 пікірлер