Жаңалықтар

18:06 | 08 сәуір 2017
Анталиядағы «Grand Prix» турнирінің екінші күнінде қазақстандық спортшылардан Мариан Урдабаева (63 кг) финалға шықты. Бірінші белдесуінде Благожевич Мажаны (Хорватия) иппон ұпайымен жеңсе, екінші айналымда Крюкова Ольганы екі вазари ұпайымен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Хакер Катаринаны (Австралия) үш вазари ұпайымен ұтып, жарыстың шешуші финалына шықты. Алтын медаль үшін финалда Австрия спортшысы Унтервурцахер Катринмен белдеседі. Сондай-ақ, Өміралиева Ділбар (70 кг)…
23:12 | 07 сәуір 2017
Анталияда дзюдодан халықаралық «Grand Prix» турнирінің бірінші күні аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі алтын медальмен 34 ел ішінде бірінші орында тұр. 48 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Галбадрах Отгонцэцэг түрік татамиінде ел намысын абыроймен қорғады. Ол бірінші кездесуінде түркиялық Сентур Гулькадерді иппонмен жеңсе, жартылай финалда Ресей спортшысы Гилязова Сабинаны вазари ұпайымен жеңіп, финалға жолдама алды.…
20:43 | 07 сәуір 2017
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. 60 келідеге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен балуандар арасында мықтылар анықталды. Отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды. Ол алғашқы айналымда Батыр Грубаниязовтан вазари ұпайымен басым түсіп, екінші белдесуінде моңғол спортшысы Баяра Амартувшинді иппон ұпаймен ұтты. Жартылай финалда тайпейлік Янг Юнг Уэйді иппонмен ұтқан Қырғызбаев финалда түркиялық Өзлу Бекирді голден…
20:30 | 07 сәуір 2017
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. 48 келідеге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен бұрымды балуандар арасында мықтылар анықталды. Дәл осы салмақта финалға шыққан отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг қарсыласы Ришони Шираны (Израиль) вазари ұпайымен жеңіп, Гран При турнирінің жеңімпазы атанды. Ол жарысқа екінші айналымда қосылып, алғашқы белдесінде түркиялық Сентур Гулькадерді иппонмен жеңсе, жартылай финалда Ресей спортшысы Сабина Гилязованы вазари ұпайымен…
18:16 | 07 сәуір 2017
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан 5 салмақ дәрежесінен 7 дзюдошы қатысып, оның 4-еуі нәтижелі күрес көрсетті. Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) ақтық финалға жолдама алса, Севара Нышанбаева (57 кг) мен Азамат Мұқанов (66 кг) қола үшін күресуге мүмкіндік алды. Финалдық кездесулерді «КazSport» арнасы Астана уақытымен сағат 20.00-де…

Әлеуметтік желідегі парақшалар