Азияның жас дзюдошылары Алматыда жиналды
Алматы қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир басталды. Қазақстанмен қоса есептегенде 6 елден 500-ге жуық спортшылар қатысып жатыр. «Халық Арена» спорт кешенінде Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы халықаралық турнирің ресми ашылу салтанаты өтті. Халықаралық турнирдің құрметті қонақтары Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, Азия дзюдо одағының бас хатшысы Мукеш Кумар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабев құрметті қонағы болды.
Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов турнирдің ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. Азия Дзюдо одағының бас хатшысы Мукеш Кумар дзюдоның Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, Азия елдері арасында Қазақстанның дзюдо тарихында ерекше орынға ие екенін де жасырмады. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабасов Ұлттық Олимпиада комитеті атынан Бекет Сапабекұлына қазақстанда спорттың дамуына теңдессіз зор үлесін қосқаны үшін алғыс хат және орденмен марапаттады. Халықаралық турнирдің ашылу салтанатын әнші Ерболат Құдайберген «Біздің жігіттер» әнімен спортшыларымызды жігерлендіріп, жарысқа сәттілік тіледі.
Жарыстың бірінші күнінде татамиге 7 салмақ бойынша жас дзюдошылар белдесіп, бақтарын сынады. Алғашқы күннің нәтижесі келесідей:
Қыздар:
44 кг
Адия Сайын (Қызылорда)
Әсем Берік (ОҚО)
Балғын Әбдешов (ШҚО)
Жадыра Пайыз (ОҚО)
48 кг
Ақмарал Науатбек (Қазақстан)
Абиба Абужақынова (Қазақстан)
Ирина Кривенко (Павлодар)
Айдана Бугулбаева (ШҚО)
52 кг
Диана Аипова (Алматы)
Айнұр Сүлеймен (Жамбыл облысы)
Иринп Кривенко (Павлодар)
Айдана Бугулбаева (ШҚО)
57 кг
Аида Карчаева (Жамбыл облысы)
Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)
Лаззат Әлімхан (ОҚО)
Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)
55 кг
Дамир Болатбеков (Алматы облысы)
Жанболат Омар (Қарағанды облысы)
Самат Дауылбаев (Астана)
Изат Бакиров (Астана)
60 кг
Кемран Нурилаев (Өзбекстан)
Алмас Галимов (Алматы обл.)
Сералі Нұрсұлтан (Қызылорда облысы)
Асман Акылбекулы (Қырғызстан)
66 кг
Марат Жанқожа (Қызылорда)
Бауыржан Сағынғалиұлы (Маңғыстау облысы)
Гиорги Базандарашвили (Грузия)
Нуриллоев Синдор (Өзбекстан)
Халықаралық турнирдің ұйымдастыруына атсалысқаны үшін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясына, Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы денешынықтыру және спорт басқармасына, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігіне алғыс білдіреміз.
0 пікірлер