Жаңалықтар

15:43 | 04 тамыз 2022
66 келіде күш сынасқан отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш финалында қырғызстандық Қуанычбек Айбек Уулумен кездеседі. Бұл салмақтың алтынын монғолиялық Ёндонпэрэнлэйн Басху мен жапониялық Танака Рёма сарапқа салады. Ал, екінші қола жүлде үшін Монғолия елінің намысын қорғаған Баттоғтох Ерхембаяр мен өзбекстандық Мухриддин Тиловов күреседі. Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетуде. Спортты қолдау…
15:16 | 04 тамыз 2022
Қазақстандық Мағжан Шамшадин Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі. Ол жұбаныш финалында моңғолиялық Энхтайвани Ариунболдпен кездеседі. Екінші қола жүлде үшін тайпейлік Юнг Уей Янг мен монғолиялық Энхтайвани Сумяабазар күреседі. Айта кетерлігі, жарыс фавориті саналған жапониялық Рюдзю Нагаяма өзіне тиесілі финалдың жолдамасына қол жеткізді. Оңтүстік Корея өкілі тәжірибелі Ким Вон Жин екеуі арасындағы финалдық кездесу тартысты өтпек. Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен…
14:11 | 04 тамыз 2022
Елордада дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасында 48 келіде белдескен қазақстандық Абиба Абужақынова финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда Наранцэцэг Ганбаатарды голден скорда жеңді. Отандасымыз финалда жапониялық балуан Уакана Когамен кездеседі. Финалдық белдесулер елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады. Айта кетерлігі, Азия чемпионаты Нұр-Сұлтандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетуде.…
12:31 | 04 тамыз 2022
Нұр-Cұлтанда дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық біріншіліктің алғашқы жарыс күнінде татамиге ерлерден 60, 66, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар үздіктерді анықтайды. Қазақстан сапынан бүгін жарыс жолына 60 келіде Мағжан Шамшадин мен Бауыржан Нарбаев, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды. Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева,…
02:59 | 04 тамыз 2022
Бүгін, 4 тамыз күні елордада дзюдодан Азия чемпионаты басталады. 7 тамызға дейін Азияның 19 елінен жиналған 200-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды. Жарыс кестесі келесідей: 4 тамыз Әйелдер:-48 кг, -52 кг, -57кг; Ерлер:-60 кг, -66 кг 11:00 - Жарыстың басталуы 16:30 - Жарыстың ресми ашылу салтанаты 17:00 - Финал 5 тамыз Әйелдер:-63 кг,-70 кг; Ерлер:-73 кг, -81 кг 12:00 -…

Әлеуметтік желідегі парақшалар