​Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогін жалпы медаль кестесінде бірінші орында аяқтады

19:17 | 09 сәуір 2023

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі аяқталды. Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрамалары өз жас санаттарында медаль бойынша бірінші орын алды.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енген ресми рейтингтік жарысқа 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003-2005 жылдары туған жас татами шеберлері қатысты.

«Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі біздің жас спортшыларымыз үшін шеберлігін шыңдауға жақсы алаң. Биыл тек Қазақстан емес, шетелден де қатысушылар қатары көбейді. Бекет Махмұтовты еске алуға арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі осымен биыл алтыншы рет өткізіліп отыр. Жарыс статусы – халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген ресми рейтингтік жарыс. Жарыстың ұйымдастырылуын IJF төрешілер директорлары Даниэль Ласкау мен Армен Багдасаров мырзалар, Азия дзюдо одағының (JUA) өкілдері жоғары бағалауда.

Азия кубогі аясында елімізде төрешілерге арналған семинар-емтихан өтті. Сондай-ақ, жарыс аяқталғаннан кейін Алматы қаласында осы жарысқа қатысқан құрамаларға арналған халықаралық жаттығу лагері ұйымдастырылады.

Жастар – біздің болашағымыз. Сондықтан, дзюдодан келешекте жақсы көрсеткішке қол жеткізу үшін бүгіннен осылай жасөспірімдер мен жастарға жағдай жасап, халықаралық жарыстарды көптеп ұйымдастырып отыру керекпіз», - деп атап өтті Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия кубогінде 9 алтын, 6 күміс және 12 қола жүлде еншілеп, жарысқа қатысқан 10 елдің қатарында көш бастады. Екінші орынға Өзбекстан спортшылары жайғасса (5 алтын, 6 күміс, 14 қола медаль), Моңғолия өкілдері үшінші орынды қанағат тұтты (2 алтын, 1 күміс, 1 күміс).

Атап өтсек, Қазақстан құрамасы сапынан Нұрбол Асқар (-50 кг), Нұрлан Исатаев (-55 кг), Еркебұлан Орынбаев (-66 кг), Еділ Ерболұлы (-73 кг), Досбол Балғабай (-81 кг), Шерхан Алпанов (+90кг), Зере Өтепқали (-40 кг), Сәулемай Сағитжан (-70кг), Гүлдана Теңгелбаева (+70кг) жеңімпаз атанса, Ақниет Шайменов (-66кг), Берікбол Жұманбеков (-90кг), Алихан Назымханов (+90кг), Тамила Әлиханова (-44 кг), Жібек Жайсаңбай (-63 кг), Руслана Махатова (+70кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Ерболат Сыздық (-50 кг), Жалғас Күнесбаев (-60 кг), Дидар Аманжол (-66кг), Расул Мұхұм (-81 кг), Темірлан Нұрбеков (-90кг), Әсел Русланова (-40 кг), Іңкәр Құралбай (-44 кг), Кира Хегай (-48 кг), Аяулым Қалмырза (-52 кг), Дамеля Асылханова (-57 кг), Анисса Ибатолла (-70кг), Айымзада Думанқызы (+70кг) көтерілді.

IJF ережесіне сәйкес Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге - 40 ұпайдан беріледі. Ал бұл ұпайлар дзюдошыларға әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін алу үшін қажет. Сол себепті Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен байрақты бәсеке жас татами шеберлері үшін аса маңызды.

Жастар арасындағы бәсекеге Гонконг, Грузия, Греция, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстан құрамасының спортшылары қатысты. Бұл жас санатында да Қазақстан 7 алтын, 6 күміс, 14 қола медальмен жалпы есепте 1-ші орын алды. Екінші орында Өзбекстан спортшылары орналасса (5 алтын, 7 күміс, 7 қола), үшінші сатыға Қырғызстан спортшылары (1 алтын, 5 қола) тұрақтады.

Жеңіс тұғырында әнұранымызды шырқатқан отандастарымыздың қатарында:

Жанарыс Рахметқали (-66кг), Әділет Алмат (-73 кг), Мұхаммедали Мавлидов (-90 кг), Ұлдана Үсейн (-57 кг), Самалай Ерғалиева (-63 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Карина Такиева (+78 кг).

Күміс медальға Телжан Сұлтанбай (-60 кг), Нұрсұлтан Қаблан (+100 кг), Нұржан Бисенов (-81 кг), Тасним Абдуали (-48 кг), Гүлнұр Баханова (-63 кг), Анастасия Морозова (-70кг) қол жеткізді.

Үшінші орынға Қанат Нұргелді (-60 кг), Аман Бақытжан (-60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (-66 кг), Нұрсұлтан Жұбатқан (-66 кг), Оразгелді Уралов (-73 кг), Азат Күмісбай (-81 кг), Құдірет Досымов (-90 кг), Ирина Дубовская (-48 кг), Нұрайлым Сәрсенбек (-48 кг), Аружан Ережепова (-52 кг), Алтынай Нұрханова (-57 кг), Қарлығаш Телман (-63 кг), Ақбота Қыдырәлі (-70 кг), Шынар Абатова (-78 кг) жай5асты.

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогіне барлығы 680 спортшы қатысты.

Айта кетерлігі, Азия кубогі аясында төрешілерге арналған халықаралық семинар-емтихан өтті. IJF мамандарының қатысуымен өткен семинар-емтихан нәтижесінде емтиханды сәтті тапсырған қазақстандық мамандар Самат Сапишев IJF International, Асхат Жіткеев пен Николай Иванов IJF Contenintal төреші атағына ие болды.

Махмұтов Бекет Сапабекұлы - 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-президенті қызметін атқарған. Дзюдодан Бекет Махмұтов атындағы турнир 2017 жылдан бері Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Жарыс нәтижелері:

Жасөспірім-қыздар

-40 кг

1. Зере Өтепқали (Қазақстан)

2. Дильноза Хамитова (Өзбекстан)

3. Дильрух Хасанова (Өзбекстан)

3. Әсел Русланова (Қазақстан)

-44кг

1. Лазиза Хайдарова (Өзбекстан)

2. Тамила Әлиханова (Қазақстан)

3. Іңкәр Құралбай (Қазақстан)

3. Темуген Енхтур (Моңғолия)

-48кг

1. Анудари Джамсран (Моңғолия)

2. Зарина Джамалова (Өзбекстан)

3. Кира Хегай (Қазақстан)

3. Сабина Азаматова (Өзбекстан)

-52 кг

1. Райхона Маматова (Өзбекстан)

2. Ариунзайа Тербиш (Моңғолия)

3. Иродахон Комилова (Өзбекстан)

3. Аяулым Қалмырза (Қазақстан)

-57 кг

1. Әселхан Аралбаева (Өзбекстан)

2. Жанар Жолдошева (Қырғызстан)

3. Алина Молдокулова (Қырғызстан)

3. Дамеля Асылханова (Қазақстан)

-63 кг

1. Маралма Хурелчулуун (Моңғолия)

2. Жібек Жайсаңбай (Қазақстан)

3. Рухшона Беркінбаева (Өзбекстан)

3. Динора Егамберганова (Өзбекстан)

-70 кг

1. Сәулемай Сағитжан (Қазақстан)

2. Лизи Кварцхава (Грузия)

3. Муштарибегім Афсалова (Өзбекстан)

3. Анисса Ибатолла (Қазақстан)

+70 кг

1. Гүлдана Теңгелбаева (Қазақстан)

2. Руслана Махатова (Қазақстан)

3. Айымзада Думанқызы (Қазақстан)

3. Ақмаржан Тұрдажиева (Қырғызстан)

Жасөспірім-ұлдар

-50 кг

1. Нұрбол Асқар (Қазақстан)

2. Абдулазизхон Шарафиддинов (Өзбекстан)

3. Арапбай Даураев (Өзбекстан)

3. Ерболат Сыздық (Қазақстан)

-55 кг

1. Нұрлан Исатаев (Қазақстан)

2. Мұхаммаджон Машарипов (Өзбекстан)

3. Лоиқ Кудбудинов (Тәжікстан)

3. Амирхон Низомаддинов (Өзбекстан)

-60 кг

1. Джавохирбек Юсупов (Өзбекстан)

2. Алиджон Алиев (Өзбекстан)

3. Жалғас Күнесбаев (Қазақстан)

3. Ойбек Раджабов (Өзбекстан)

-66 кг

1. Еркебұлан Орынбаев (Қазақстан)

2. Ақниет Шайменов (Қазақстан)

3. Дидар Аманжол (Қазақстан)

3. Ворис Назаров (Тәжікстан)

-73 кг

1. Еділ Ерболұлы (Қазақстан)

2. Нұрмұхаммед Мұратов (Қырғызстан)

3. Аминджон Абдуджалилзода (Тәжікстан)

3. Азамат Аблакулов (Өзбекстан)

-81 кг

1. Досбол Балғабай (Қазақстан)

2. Аброр Нұрманов (Өзбекстан)

3. Расул Мұхұм (Қазақстан)

3. Бехрузбек Рустамбоев (Өзбекстан)

-90 кг

1. Хакимджон Махкамов (Өзбекстан)

2. Берікбол Жұманбеков (Қазақстан)

3. Мұхаммадали Пулатов (Өзбекстан)

3. Темірлан Нұрбеков (Қазақстан)

+90 кг

1.Шерхан Алпанов (Қазақстан)

2.Алихан Назымханов (Қазақстан)

3.Алибек Хайытбоев (Өзбекстан)

3. Елнұр Холмуминов (Өзбекстан)

Жастар

Қыздар

-48 кг

1. Севинч Муродова (Өзбекстан)

2. Тасним Абдуали (Қазақстан)

3. Ирина Дубовская (Қазақстан)

3. Нұрайлым Сәрсенбек (Қазақстан)

-52 кг

1. Сугдиона Рафкатова (Өзбекстан)

2.Гульхайо Джураева (Өзбекстан)

3. Аружан Ережепова (Қазақстан)

3. Нандин-Ердене Мьягмарсурен (Моңғолия)

-57 кг

1. Ұлдана Үсейн (Қазақстан)

2. Ерденецецег Цогбадрах (Моңғолия)

3. Жанар Жолдошева (Қырғызстан)

3. Алтынай Нұрханова (Қазақстан)

-63 кг

1. Самалай Ерғалиева (Қазақстан)

2. Гүлнұр Баханова (Қазақстан)

3. Қарлығаш Телман (Қазақстан)

3. Адина Кочконбаева (Қырғызстан)

-70 кг

1. Ажар Асхат (Қазақстан)

2. Анастасия Морозова (Қазақстан)

3. Сәуле Алмазова (Қырғызстан)

3. Ақбота Қыдырәлі (Қазақстан)

-78 кг

1. Шахида Нармұхамедова (Қырғызстан)

2. Ширинджон Юлдошова (Өзбекстан)

3. Шинар Ибраева (Өзбекстан)

3. Шынар Абатова (Қазақстан)

+78 кг

1. Карина Такиева (Қазақстан)

2. Дурдона Низомаддинова (Өзбекстан)

3. Ақмаржан Тұрдажиева (Қырғызстан)

3. Мохларойим Тухтамышева (Өзбекстан)

Ұлдар:

-60 кг

1. Замохшари Бекмуродов (Өзбекстан)

2. Телжан Сұлтанбай (Қазақстан)

3. Қанат Нұргелді (Қазақстан)

3. Аман Бақытжан (Қазақстан)

-66 кг

1. Жанарыс Рахметқали (Қазақстан)

2. Мұхаммадьахио Мұхаммаджонов (Өзбекстан)

3. Нұрсұлтан Зайзағалиев (Қазақстан)

3. Нұрсұлтан Жұбатқан (Қазақстан)

-73 кг

1. Әділет Алмат (Қазақстан)

2. Ходжиакбар Тошев (Өзбекстан)

3. Оразгелді Уралов (Қазақстан)

3. Нұрмұхаммед Бакирдинов (Қырғызстан)

-81 кг

1. Шахзодхуджа Шарипов (Өзбекстан)

2. Нұржан Бисенов (Қазақстан)

3. Мұхамаджон Абдуджалилов (Тәжікстан)

3. Азат Күмісбай (Қазақстан)

-90 кг

1. Мұхаммедали Мавлидов (Қазақстан)

2. Мұхаммедали Тангриев (Өзбекстан)

3. Мұхаммадсодик Содиков (Өзбекстан)

3. Құдірет Досымов (Қазақстан)

-100кг

1. Рустам Шорахматов (Өзбекстан)

2. Нумонджон Раджабов (Өзбекстан)

3. Фирдавс Давлатов (Өзбекстан)

4. Түлкінбек Тұрдиев (Өзбекстан)

+100кг

1. Иброхимджон Елмуродов (Тәжікстан)

2. Нұрсұлтан Қаблан (Қазақстан)

3. Абдуллох Худойоров (Өзбекстан)

3. Джавохир Муродуллаев (Өзбекстан)

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар