Жаңалықтар

19:51 | 28 наурыз 2014
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің (28-30 наурыз) финалына жолдама алды. Ұлттық құрама үздіктерінің бірі саналатын Елдос алдымен Павел Петриковтан (Чехия) басым түсті. Кейін украиналық Денис Биличенко мен моңғолиялық Ганболд Мунхтурдан айла асырды. Жартылай финалда әзірбайжандық Илгар Мушкиев Елдосқа қауқар көрсете алмады. Шешуші белдесуде Сметов (суретте көк кимонода) ресейлік Беслан Мудрановпен кездеседі. Осы…
18:47 | 28 наурыз 2014
Түркияның Самсун қаласында дзюдодан Гран-при турнирі (28-30 наурыз) басталды. Алғашқы жарыс күнінде 48, 52 және 57 келідегі қыздар сынға түсуде. Өкінішке қарай, біздің дзюдошы қыздарымыз сәтті өнер көрсеткен жоқ. 48 келідегі Айгүл Байқұлева неміс қызы Кай Краустан алғашқы айналымда ұтылса, 52 келідегі Ленария Минғазова бірінші белдесуінде ресейлік Антонина Кириевскаяға есе жіберді. 57 келіде сынға түскен Севара Нишанбаева тунистік Несрия Жласстан…
18:17 | 27 наурыз 2014
Түркияның Самсун қаласында өтетін дзюдодан Гран-При турнирінде (28-30 наурыз) Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды. Өткен аптада ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Имамбеков confederation.kz сайтына берген сұхбатында Түркияға аттанатын құрамда өзгеріс орын алуы мүмкін деген еді. Кейін белгілі болғандай, Самсунға баратын спортшылар қатарында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов (66 келі) жоқ. Тұмаудан айықпаған Азамат Түркиядағы Гран-При турниріне…
21:27 | 26 наурыз 2014
Бременде өткен халықаралық турнирде (22-27 наурыз) 90 келі салмақтағы Есен Самат алтыннан алқа тақса, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жеңісбек Жақсыбек күміс жүлдені қанжығасына байлады. Жарысқа 19 мемлекеттен 319 дзюдошы қатысты. Еліміздің намысын ерлерден құралған жастар командасы қорғады (17 спортшы).
14:45 | 26 наурыз 2014
28-30 наурыз күндері Түркияның Самсун қаласында дзюдодан кезекті Гран-при бәсекесі өтеді. Осыдан үш күн бұрын Тбилисде аяқталған турнирден Қазақстан қыздар құрамасын көре алмаған едік. Қуанышқа қарай, Самсундегі дзюдошылар додасына біздің қыздарымыз қатысатын болды. Сонымен, Самсун татамиіне шығатын қыздар тізімі төмендегідей: 48 келі: Айгүл Байқұлова 52 келі: Ленария Минғазова 57 келі: Назгүл Құбашева, Севара Нишанбаева 63 келі: Мариан Ордабаева (суретте) 70…

Әлеуметтік желідегі парақшалар