Жаңалықтар

21:32 | 03 қазан 2013
Дзюдодан ерлер құрамасының бапкері Алматыда өткен Әлемдік Гран-придің нәтижесіне риза ма, Максим Раков Рафаэль Бузакариниді қалай жеңді, Ислам Бозбаевтың жеңісі жанкүйерлерге неліктен қуаныш сыйламады? Осы және басқа да сауалдарға ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Ермек Имамбеков жауап берді. - Не жоспарладық, бәрі орындалды. Гран-при турнирінің екінші күні тек бір салмақ санаты (81 кг) ғана мақсатқа жеткен жоқ. Қалған жігіттер үмітті ақтады.…
06:12 | 03 қазан 2013
26 жастағы Азамат Мұқановтың (66 кг дейінгі салмақ санаты) күміс медалі Рио-де-Жанейрода (26 қазан– 1 қыркүйек) дзюдодан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жалғыз медаль болды. Бразилия жарысының қорытындысы бойынша біздің команда 14-ші орын алды, ал Мұқанов елге «жалғыз батыр» болып оралды... - Жарыстың аяқталғанына бір ай болды, бірақ адамдар мені әлі құттықтауда. Әлем чемпионаты кеше аяқталған сияқты. Көңіл-күйім…
01:06 | 03 қазан 2013
Өткен демалыста Алматыда өткен дзюдодан Әлемдік Гран-При жарысында (28-29 қыркүйек) 5 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль қанжығалалаған Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Біздің дзюдошыларды алда жаңа Гран-при күтіп тұр, ол турнир 5-6 қазанда Ташкентте өтеді. Алматы турнирінде өнер көрсеткен қыздар құрамасы Ташкентке сол құрамда баратын болса, жігіттер құрамасына бірінші нөмірлер кірмей отыр. Яғни,…
16:40 | 02 қазан 2013
Қазақстан дзюдосының тарихында маңызды оқиға орын алды - өткен сенбі, 28 қыркүйек күні Алматыда салынып жатқан Дзюдо академиясының іргетасына капсула қалау рәсімі өтті. Болашаққа жолданған ескерткіш хатқа Алматы әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстанның Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев, Халықаралық Дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов қол қойды. Жаңа спорттық кешен…
14:28 | 01 қазан 2013
Ересектер арасында дзюдодан 26 тамыз бен 1-ші қыркүйек аралығында Рио-де-Жанейроның (Бразилия) «Maracanãzinho Arena» спорт кешенінің аумағында өткен әлем біріншілігінің тартыстары әлі естен шыға қойған жоқ. 124 елдің 779 спортшысы қатысқан бәсекеде Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жалғыз жүлделі медальмен елге оралған болатын. Өзінің маңдай терімен қолын жеткізген «күмісі» үшін қазақстандық дзюдошы Азамат Мұқанов тиісті марапатқа ие болды. Алматыдағы дзюдодан әлемдік Гран…

Әлеуметтік желідегі парақшалар