Жаңалықтар
21:34 | 07 сәуір 2014
Дзюдодан жастар құрамасы Тверь қаласында өткен Еуропа кубогында 3 медаль жеңіп алды. Жарыс ағымдағы жылы сәуір айының 5-6 күндері өтті. Қазақстан намысын 22 спортшыдан құралған жастар командасы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Хамза Дидар (73 келі) қоладан алқа тақса, қыздар арасынан Науатбек Ақмарал (40 келі) мен Айда Карчаева (48 келі) күмісті олжалады. Сондай-ақ, алғашқы 7 спортшының қатарына Әбілдә Бейбарыс (50 келі),…
17:03 | 06 сәуір 2014
Ағымдағы жылдың 3-6 сәуірі аралығында Шымкент қаласында бапкерлерге арналған курс өткізіліп, оған 121 жаттықтырушы қатысты. Шара барысында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Шепетюк М.Н. «Дзюдо күресінде техникалық іс-қимылдарға үйрету әдістемесі» және «Дзюдошылардың көп жылдық дайындықтарының жалпы құрылымы» тақырыптарында дәрістер оқыды. Сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген спортшысы Асхат Жіткеев жас дзюдошылармен тәжірибелік сабақтар өткізді.
11:55 | 04 сәуір 2014
БҰҰ Бас Ассамблеясы 6 cәуірді Халықаралық спорт күні деп жариялады. Осы айтулы күнге орай дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасы сәуір айының 6-15 аралығында Шымкентте оқу - жаттығу өткізеді және аталмыш қалада осы күнге орайластырылып бапкерлерге арналған семинар өткізілуде. Шара сәуірдің 6 дейін жалғасады.
15:21 | 01 сәуір 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының басшысы Тимур Құлыбаев Кувейттегі Ұлттық Олимпиада Комитеті Қауымдастығы Атқарушы Кеңесінің сессиясына қатысты.
Содан соң, Тимур мырза ҰОКҚ халықаралық қатынастар жөніндегі отырысына қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе – ЮНЕСКО-дегі ҰОКҚ рөлін нығайтып, іске қосу. БҰҰ бекіткен бірнеше жобаға ҰОКҚ атсалысуын қадағалау, сондай-ақ, ҰОКҚ-нің Біріккен Ұлттар ұйымы аясындағы Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске енгізу.
Конференция басшысы…
18:01 | 30 наурыз 2014
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы үшін Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші жарыс күні мерзімінен бұрын аяқталды.
90,100, +100 келі салмақ дәрежелерінен жеңімпаздан мен жүлдегерлер анықталатын уақыт жақын. Алайда, олардың қатарында Ермек Имамбеков шәкірттері жоқ. Жұбаныш белдесуінде Ержан Шынкеев (+100 келі) Грузия балуаны Левани Матиашвилиге есе жіберген соң, қола жүлдеге күресу мүмкіндігінен айырылды. Ержан А пулінде түрік Феяз Язичиді…