Жаңалықтар

17:28 | 21 қыркүйек 2014
Осыдан төрт жыл бұрын Гуанджоу татамиінде бұйырмай кеткен жүлде енді Марианның еншісінде. 63 келіде сынға түскен дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Мариан Ордабаева Инчхондағы Азия ойындарының (19 қыркүйек – 4 қазан) қола жүлдегері атанды. Өткен Азия ойындарында Ордабаева қола жүлдеден айырылып қалған еді. Сондықтан, биыл ол қалайда есе жібермеу үшін аттанды. Қуанышқа қарай, Марианның ойы орындалды. Қола медальға күресте ол моңғол…
16:59 | 20 қыркүйек 2014
Азиаданың алғашқы жарыс күнінде отандық татами шеберлері үш жүлде ұтып алды (19 қыркүйек – 4 қазан, Инчхон, Оңтүстік Корея). Сенбінің басты қаһарманы Елдос Сметов (60 келі) екеніне ешкімнің дауы жоқ. Финалда әлем чемпионы, моңғолиялық Ганбат Болдбаатарды ойсырата жеңген (иппон) Елдос Азия ойындарында алтын алған алғашқы қазақ дзюдошысы атанды. Ал Ганбат әлемдік рейтингінің көшбасшысы саналады. Қола жүлдені Ленария Минғазова (52 келі)…
20:12 | 17 қыркүйек 2014
Челябинск қаласында дзюдодан әлем біріншілігінің жабылу салтанатында Халықаралық дзюдо федерациясының туы Қазақстанға табыс етілді. Естеріңізге салайық, 2013 жылы Ресей IJF туын Бразилиядан қабылдап алды. Кезекті әлем біріншілігі 2015 жылы Астана қаласында өткізіледі. Толығырақ ақпарат жарыстың www.worldjudo2015.kz ресми сайтында.
17:50 | 12 қыркүйек 2014
Бүгін Астанада Нанкинде өткен ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасында (16-28 тамыз, Қытай) Конфедерация құрамына кіретін спорт түрлері бойынша жеңімпаз мен жүлдегер атанған спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Жас спортшыларымыздан бөлек, олардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құрама бапкерлері және ғылыми-кешенді топтың мамандарына да ақшалай сыйлық тарту етілді. Жеке компаниялардың қолдауымен Конфедерация алтын жүлде иегерлеріне 25 000, күміс жүлдегерлерге 15 000, қола жүлдегерлерге 10 000…
11:55 | 10 қыркүйек 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы аймақтардағы спортты дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл жолы Солтүстік Қазақстан облысына көмек көрсетілді. Бұдан бұрын Солтүстік Қазақстан облысы Әкімдігі мен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы аймақтағы спортты дамыту үшін әріптес атанғанын хабарлаған едік. Аталған құжат аясында, Конфедерацияның тікелей араласуымен Солтүстік Қазақстан облысындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың…

Әлеуметтік желідегі парақшалар