Жаңалықтар

23:26 | 04 тамыз 2014
Тамыздың 1-3 аралығында Ақтау қаласында ҚР үздік фермері Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық жарыс өткізілді. Оған 200-ге тарта спортшы қатысты. Қорытындысында командалық есепте Атырау облысы бірінші орынды жеңіп алды, олардың қоржындарында 6 алтын медаль. Екінші орынға Астана спортшылары табан тіреп, 3 алтынға ие болса, Маңғыстау облысының палуандары үшінші орынды місе тұтты, еншілерінде 3 алтын.
23:08 | 04 тамыз 2014
Оқу –жаттығу шілденің 24-нен тамыздың 4-не дейін жалғасты. Оған 40 қазақ палуаны мен 7 Қырғызстан құрамасының дзюдошысы қатысты. Келесі жиын Ресейде өтетін әлем чемпионаты қарсаңында 12 тамыз күні өткізіледі.
00:09 | 01 тамыз 2014
Бүгін ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор, педагог әрі бапкер Асубаев Асқар Рақымұлы 75 жасқа толды! Ол дайындаған спортшылар арасында 36 КСРО спорт шебері, 16 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және көптеген танымал спортшы бар. Оның шәкірттері мемлекеттік жоғары қызметтерде еңбек етеді, бес ғылым докторы мен көптеген ғылым кандидатын дайындаған. Асқар Рақымұлы қазақ дзюдосының қалыптасуына зор үлес қосты! Оның ел спортының…
21:48 | 29 шілде 2014
Ресейдің Челябинск қаласында өтетін әлем біріншілігіне бапкерлер құрамының шешімі бойынша төмендегі спортшылар қатысады: Айбек Имашев (60 келі, Ақтау) Еркебұлан Қосаев (60 келі, ШҚО) Сергей Лим (66 келі, Алматы қ.) Елдос Жұмаханов (66 келі, Алматы қ.) Жансай Смағұлов (66 келі, Қарағанды) Ертуған Төренов (73 келі, Тараз) Ринат Ибрагимов (81 келі, БҚО) Самат Есен (90 келі, ОҚО) Руслан Әбдразақов (+90 , Қызылорда)…
17:30 | 22 шілде 2014
Польшада шілденің 19-20 аралығында өткен Еуропа кубогінде Сатывалды Еңлік (44 келі) үшінші орын алды. Еліміздің намысын жастар арасындағы әйелдер құрамасының 7 спортшысы қорғады. Жарысқа әлемнің 33 мемлекетінен дзюдошылар қатысты.

Әлеуметтік желідегі парақшалар