Жаңалықтар

08:50 | 18 маусым 2026
19–21 маусым күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Әлемдік тур аясындағы беделді жарысы Ulaanbaatar Grand Slam 2026 өтеді. Биылғы додаға әлемнің 58 елінен 454 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының сапынан турнирде 20 дзюдошы бақ сынайды. Қазақстан командасының құрамы: Ерлер құрамасы: Аман Бақытжан (-60 кг), Мағжан Шамшадин (-60 кг), Нұрқанат Серікбаев (-66 кг), Ақжігіт Насыр (-66 кг), Аңсарбек…
15:04 | 05 маусым 2026
Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді 9-12 маусым күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді. Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін дәстүрлі додаға Аустралия, Қытайлық Тайпей, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Америка Құрама Штаттары, Өзбекстан және Қазақстаннан 500-ден астам татами шебері қатысады деп…
16:08 | 01 маусым 2026
Ташкент қаласында дзюдодан жастар арасында Азия кубогы аяқталды. Екі күнге созылған халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлдені -81 кг салмақ дәрежесінде белдескен Ералы Кеңесхан салды. Ал Гүлдана Марлен (-70 кг) күміс жүлдегер атанды. Қола медальдарды Зере Өтепқали (-48 кг), Нұрай Жеңіс (-63 кг), Ұлдана…
16:08 | 01 маусым 2026
Австрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. Халықаралық додада Қазақстан құрамасының өкілдері Глеб Азаров (-90 кг) пен Руслана Махатова (+78 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. Жарысқа әлемнің 34 елінен 617 жас дзюдошы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
10:42 | 30 мамыр 2026
Ташкент қаласында дзюдодан Азия кубогы өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 10 қола жүлде жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальдарды Алуа Балтабай (-48 кг) мен Рамиля Серікболат (-52 кг) салды. Күміс жүлдегерлер қатарынан Ералы Базаркатов (+90 кг), Кәусар Ратбекқызы (-63 кг) және Амина Ақжол (+70 кг) көрінді. Ал қола медальдарды Дулат…

Әлеуметтік желідегі парақшалар