Жаңалықтар
20:19 | 10 қазан 2026
Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын қабылдады. Салтанатты рәсім Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды.
Салтанатты рәсім барысында Әзербайжан дзюдо федерациясының вице-президенті Эльнур Мамедли әлем чемпионатының туын Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) қайтарды. Өз кезегінде, IJF Бас хатшысы Лиза Аллан Туды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке салтанатпен табыстады.
Дзюдодан келесі әлем чемпионаты 2027 жылдың 7–14 маусым…
20:28 | 04 қазан 2026
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Давлатов Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифовпен белдесті. Шешуші кездесуде қарсыласына есе жіберген Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Шерзод Давлатов әлем чемпионатында алты белдесу өткізді. Ол жарысты Тәжікстан өкілі Лоик Кудбудиновты жеңумен бастады. Одан кейін Бурунди спортшысы Рауль Бриллан Нганджиден…
17:56 | 08 қыркүйек 2026
11-13 қыркүйек күндері Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан Hungary Grand Slam 2026 халықаралық турнирі өтеді.
Әлемдік додаға 70 елден 530 спортшы қатысады деп жоспарлануда.
Будапешт татамиінде Қазақстан намысын 12 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
-60 кг: Нұрәділ Әлжан, Мағжан Шамшадин
-66 кг: Мейірбек Байзақов, Ақжігіт Насыр
-73 кг: Есет Қуанов, Ерсұлтан Дүйсенхан
-81 кг: Досхан Жолжақсынов
-90 кг: Ермахан Ануарбеков, Даниил Крылов
-100…
18:37 | 01 қыркүйек 2026
Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған жарыста дзюдошылар жекелей және аралас-командалық жарыс бойынша өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан Чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 өңірінен барлығы 541 татами шебері қатысты.
Жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық медаль кестесінде 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен Қызылорда облысының командасы көш…
05:32 | 24 тамыз 2026
Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық сында Әлем чемпионы атанды
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының аралас-командалық жарысында жеңімпаз атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Финалда Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездесті. Негізгі белдесулер 3:3 есебімен тең аяқталған соң, жеңімпазды анықтау үшін қосымша белдесудің жеребесі тартылды. Жеребе бойынша -48 кг салмақ дәрежесі түсіп, шешуші кездесуде Иянат Жұбатқан Қазақстанға чемпиондық атақты сыйлады.…




