Елдос Жұмақанов - "Masters" турнирінің күміс жүлдегері

22:42 | 16 желтоқсан 2017

Дзюдодан Санкт-Петербургте өтіп жатқан əлемдік "Masters" турнирінде 66 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмақанов күміс медальға ие болды.


Əлемнің үздік дзюдошылары бақтарын сынап жатқан додада Елдос Чибана Чарлизді ұтып, жартылай финалға жолдама алған болатын. Жартылай финалда отандасымыз грузиялық Ваза Маргвенашвилиді иппонмен жеңді.

Алайда, Елдос Жұмақанов финалда моңғолиялық дзюдошы Херленг Ганболдқа есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар