Сәдуақас пен Гриценко жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады
12:30 | 27 тамыз 2018
Қазақстандық дзюдошылар Бекарыс Сәдақас пен Маргарита Гриценко Буэнос Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады.
Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі, ал Маргарита Гриценко 78 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды. Айта кетерлігі, қазақстандық қос дзюдошы да халықаралық дзюдо федерациясының жасөспірімдер Олимпиада рейтингінде ең жоғары ұпаймен өз салмақтарында көш бастап тұр.
ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан күндері Аргентина астанасы Буэнос Айресте өтеді.
0 пікірлер