Жаңалықтар

13:21 | 26 қыркүйек 2018
Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында жекелей сындар бойынша белдесулер аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан сапынан 3 дзюдошы шықты. 100 келіден жоғары салмақта белдескен балуанымыз Ерасыл Қажыбаев Чили спортшысы Францизко Солисты иппон ұпайымен ұтып, жарысты сәтті бастады. Екінші кездесуінде өзбек балуаны Бекмурод Олтибоевтан иппон ұпайымен жеңіліп, жарысты сәтсіз аяқтады. Ал 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Исанова бірінші кездесуін Пуорториколық Можика Мелиссаға…
14:57 | 23 қыркүйек 2018
Бакуде дзюдодан Әлем чемпионатының төртінші күні өтіп жатыр. Бүгін әйелдер 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрессе, ерлер арасында 81 келіне дейінгі салмақта белдесулер тартысты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасынан бүгін 3 дзюдошы татамиге шығып, жарыстың іріктеу кезеңдерінен өте алмады. 63 келіге дейінгі салмақтағы Ақниет Тұрдан алғашқы кездесуінде ресейлік Екатерина Волковаға есе жіберсе, 81 келіге дейінгі салмақта Азиз Қалқаманұлы Оңтүстік Кореялық Ли…
21:48 | 22 қыркүйек 2018
Әзірбайжан астанасы Бакуде бүгін Әлем чемпионатының үшінші күні аяқталды. 57 келіге дейінгі салмақта әйелдер, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер өзара мықтыны анықтады. Цукаса Иошинда әйелдер арасында Әлем чемпионы атанып Жапония құрамасына тағы бір алтын сыйлады. Осы салмақта Ұлыбритания спортшысы Никода Мит-Дэвис күміс, ал жарыстың қола жүлдесін Сумия Доржсурен мен Канада құрамасының спортшысы Криста Дегучи өзара бөлісті. Ал ерлер арасында…
19:28 | 22 қыркүйек 2018
Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Әлем чемпионатын 7-ші орынмен аяқтады. Ол жұбаныш белдесуінде Моңғолия елінің спортшысы Ганбаатар Одбаярға вазари ұпайымен жеңілді. Жансай Смағұлов ширек финалға дейін қарсылас шыдатпай келді. Әлем чемпионатына екінші айналымда қосылған ол бірінші қарсыласы Нилс Штампты иппонмен ұтса, өзінің екінші кездесуін Никола Гардашевичке қарсы өткізді. Нәтижесінде, оны уақытынан бұрын жеңіп, ширек финалдық жолдама үшін косовалық Акил Гжаковамен күресіп,…
17:14 | 22 қыркүйек 2018
Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күнінде татамиге Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шықты. 73 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Жансай Смағұлов ширек финалға дейін қарсылас шыдатпай келді. Әлем чемпионатына екінші айналымда қосылған ол бірінші қарсыласы Нилс Штампты иппонмен ұтса, өзінің екінші кездесуін Никола Гардашевичке қарсы өткізді. Нәтижесінде, оны уақытынан бұрын жеңіп, ширек финалдық жолдама үшін косовалық Акил Гжаковамен күресіп, уақытынан…

Әлеуметтік желідегі парақшалар