Қазақстан құрамасы Еуропа кубогында екі медаль алды
23:07 | 17 ақпан 2019
16-17 ақпан күндері Италия астанасы Рим қаласында дзюдодан ерлер арасында Еуропа ашық кубогы өтті. Аталмыш жарыста Бауыржан Жауынтаев қола медальға ие болса, Дәурен Сүйкенов жарыстың күміс жүлдегері атанды.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен Бауыржан жұбаныш финалында моңғолиялық Энхтайван Арюнболдты қосымша уақытта иппонмен жеңді. Ал Дәурен болса финалда әзірбайдандық Орудж Вализадаға есе жіберіп, ел қоржынына күмісті салды.
Сондай-ақ, Ерлан Жақсыбеков (-66 кг), Еламан Қойшыбаев (-81 кг), Еркебұлан Абдулла (+100 кг) жарысты 5-орынмен аяқтады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 46 ел ішінде 7-орынға тұрақтады.
0 пікірлер