Жаңалықтар

17:54 | 21 қараша 2018
23-25 қараша күндері Жапонияның Осака қаласында дзюдодан жылдың соңғы «GrandSlam» кезеңі өтеді. Әлемдік «Grand Slam» жарысына Қазақстан құрамасынан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов те қатыстады. Естеріңізге сала кетсек, Елдос Азия ойындарында жарақат алғаннан кейін Абу-Дабиде өткен «Grand Slam турнирінде қатысқан болатын. Ол кезде жұбаныш финалында қола медаль үшін белдесуде өзбекстандық балуан Шарафуддин Лутфиллаевқа есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтаған еді.…
16:20 | 19 қараша 2018
Дзюдодан Қазақстан құрамасы 2018 жылдың ең соңғы «Grand Slam» турниріне қатысады. 23-25 қараша аралығында Жапонияның Осака қаласында өтетін бәсекеге елімізден 13 дзюдошы аттанады. Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг) Ерлан Серікжанов (-66 кг) Елдос Жұмақанов (-66 кг) Жансай Смағұлов (-73 кг) Бекәділ Шаймерденов (-73 кг) Дидар Хамза (-81 кг) Ислам Бозбаев (-90 кг) Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)…
00:14 | 17 қараша 2018
Лиссабонда өтіп жатқан парадзюдодан Әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Олжас Оразалыұлы 60 келіге дейінгі салмақта Әлем чемпионы атанды. Ол алғашқы белдесуінде Испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Ал жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Жараевты жеңсе, финалда алжирлік Ишак Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медальді салды.
20:03 | 16 қараша 2018
Бүгін Астанада ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлерін құрметтеу салтанатты шарасы өтті. Жиынға ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес, 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін чемпиондар мен жүлдегерлерге, атап айтқанда, «алтын» үшін – $10 000, «күміс» үшін – $5 000, және «қолаға» –…
18:51 | 16 қараша 2018
Астанада 13-16 қараша күндері «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеге еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы қатысты. Нәтижесінде, Қазақстанның жекелей Чемпионатында Алматы облысының дзюдошылары 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық медаль кестесінде көш бастады. Ал Маңғыстау облысының құрамасы 3 алтын, 2 күміспен екінші орынға жайғасса, Қызылорда…

Әлеуметтік желідегі парақшалар