Қазақстан Еуропа кубогында 4 медаль жеңіп алды
10:39 | 03 маусым 2019
1-2 маусым күндері Австрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. Ақмарал Науатбек Австрияның Лейбниц қаласында жастар арасында Еуропа кубогының жеңімпазы атанды. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жарыстың финалында бразилиялық Лаура Феррейраны иппон ұпайыммен ұтып, чемпион болды. Дәл осы салмақ дәрежесінде Ғалия Тынбаева қола жүлдені қоржынға салды.
Жастар ерлер құрама командасынан Болат Біләл (60 кг) мен Ермек Амангелді (66 кг) финалға шығып, қос күміске ие болды.
Айта кетерлігі, Еуропа кубогына 34 елден 581 дзюдошы қатысты. Қазақстан жастар құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 6-орынға жайғасты.
0 пікірлер