Жаңалықтар

17:13 | 27 қараша 2018
2018 жылдың 1-2 желтоқсан күндері Астана қаласында «Оқушылар сарайында» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында «Оқушылар сарайының» кубогы үшін І ашық турнирінің өтеді. Жарысқа Қазақстанның 14 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия сынды алыс-жақын шетелден 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Жекелей жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, медальдармен, грамота мен бағалы заттармен…
16:55 | 26 қараша 2018
24-25 қараша күндері Польшаның Олесница қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтті. Турнирге 21 елден 347 татами шебері қатысты. Қазақстан жастар құрамасынан 15 дзюдошы қатысып, оның 7-еуі жүлдемен оралды. Хатип Арсен мен Мықтыбеков Нұрбек баптайтын жастар құрама командасы медаль саны бойынша командалық есепте бірінші орынға иеболды. Назарларыңызға жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз: Алтын Ерлан Уналов (55 кг) Билал Болат…
15:18 | 24 қараша 2018
Жапонияның Осака қаласында дзюдодан өтіп жатқан "Grand Slam" жарысында қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов 5-орын алды. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жұбаныш финалында жапон балуаны Арата Тацукауаға жол берді. Жансай Смағұлов "Grand Slam" жарысының ширек финалына дейін жңіліссіз келген еді. Алғашқы қарсыласы ресейлік Саян Ондарды жеңген соң, жапониялық Рентаро Ногамиді ұтты. Жартылай финалдық жолдама үшін канадалық Артур Маргелидонмен күресіп, иппон…
11:39 | 23 қараша 2018
Бүгін Осакада дзюдодан «Grand Slam» жарысы басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан татамиге 4 дзюдошы шықты. Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Елдос Жұмақанов (66 кг) алғашқы белдесуде ұтылса, Елдос Сметов (60 кг) пен Ерлан Серікжанов (66 кг) жарыстың жұбаныш белдесуінде қарсыластарына жол беріп, 7-орында аяқтады. Елдос Сметов алғашқы беледсуінде Бам Моханды (Непал), кейін Магсар Тогтохбаярды (Моңғолия) иппонмен ұтса, ширек финалда…
19:08 | 22 қараша 2018
Бүгін, 22 қараша күні Жапонияның Осака қаласында дзюдодан жылдың ең соңғы «Grand Slam» турнирінің жеребесі тартылды. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесінде 2018 жылға бес «Grand Slam» жарысы жоспарланған болатын. Осыған дейін әлемдік «Grand Slam» кезеңі Парижде, Дюссельдорфта, Екатеринбург пен Абу-Даби қалаларында өтті. Токио төрінде өтетін байрақты бәсекеге 71 елден 421 татами шебері қатысады. Соның ішінде 13 дзюдошы Қазақстан намысын қорғайды. Жарыстың…

Әлеуметтік желідегі парақшалар