Металлургтер қаласындағы бәсеке
25-26 қазан аралығында Теміртауда 17 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздар арасында дзюдодан «Магнитка алаулары» 13-ші халықаралық турнирі өтеді.
Жарыс Қазақстан Республикасына еңбегін сіңірген жаттықтырушы А.Айдархановты еске алуға арналады. Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия және Грекия дзюдошыларының басын қосатын турнирге , сондай-ақ тәжік балуандары да қатыспақ.
2002 жылы «Магнитка алаулары» ресми түрде республикалық додалар күнтізбесіне енгізілді. Халықаралық турнир жас спортшылар үшін үлкен бастама, әрі болашақ таланттардың әрі қарай шыңдалуына берілген зор мүмкіндік. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ислам Бозбаев пен басқа да атақты дзюдошылар спорттық белестерін осы «Магнитка алауларынан» бастаған.
Назарларыңызға турнирдің бағдарламасын ұсынамыз:
25 қазан
17.00 – «Магнитка алаулары» турнирінің салтанатты ашылуы
18.00 – марапаттау рәсімі
26 қазан
10.00 – жарыстың басталуы
18.00 – финалдық белдесулер
Дүбірлі дода «Миттал» спорт кешенінде (Республика даңғылы, 34 б) өтеді. Тартысты белдесулерді ogni-judo.kz сайтынан онлайн тәртібімен көре аласыздар.
0 пікірлер