Жаңалықтар

17:20 | 25 қараша 2013
29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Токио қаласында дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирі өтеді. Бұл биылғы маусымның шымылдығын жабатын ең соңғы сайыс. Ермек Имамбеков пен Владимир Кичатов баптайтын Қазақстан ерлер құрамасы Токиоға төмендегі құраммен аттанады: 60 келіге дейінгі с/д – Елдос Сметов пен Асхат Тельманов 66 келіге дейінгі с/д – Азамат Мұқанов пен Елдос Жұмаханов 73 келіге дейінгі с/д –…
13:15 | 25 қараша 2013
Дзюдодан ағымдағы жылдың лицензиялық «Гранд Слэм» немесе «Үлкен дулыға» ақтық маусым турнирлері Жапония астанасы Токиода 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында ұйымдастырылады, деп ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Имамбеков пен Владимир Кичатовтың жетекшілігіндегі қазақстандық ерлер құрамасын келесі дзюдошыларымыз толықтырады: - Елдос Сметов, Асхат Телманов (60 кг) - Азамат Мұқанов, Елдос Жұмақанов (66 кг) - Ертуған Төренов (73 кг)…
16:01 | 22 қараша 2013
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігін Тастанбек Есентаев тізгіндеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. Бүгін, 22 қарашада, ҚР Премьер министрі Серік Ахметов жаңа басшыны ведомство қызметкерлеріне таныстырды. Министрлер кабинетінің басшысы бұрынғы төраға Ерлан Қожағапановқа (суретте) қазақстандық спортты дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін алғысын білдірді, ал Есентаев өз кезегінде отандық спортты дамытып, осы бағытта қарқынды жұмыс жасайтындығына сендірді. Тастанбек Құтжанұлы…
13:31 | 22 қараша 2013
Қазақстан дзюдо федерациясы Ақтөбе облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының төрағасы Асылбек Алдыбайұлы Құлмағамбетовке анасы Салжан Ысмайылқызы Құлмағамбетованың мезгілсіз қазасына орай, қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Салжан Ысмайылқызы 10 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ардақты ана еді. 78 жасқа қараған шағында бақилық болды. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
09:23 | 21 қараша 2013
Маңғыстауда дзюдодан облыстық жарыс ұйымдастырылды. 2001-2003 ж.т. бозбалалар мен қыздар арасындағы турнирге өз санаттары бойынша әр аймақтан 178 жас спортшы қатысты. Турнирдің жеңімпаздары (бозбалалар): 25 кг - К.Көмеков (Шетпе ауылы) 28 кг - Н. Манарбекұлы (Шетпе ауылы) 32 кг - Р. Салық (Ақтау қаласы) 35 кг - Б. Салават (Ақтау қаласы) 38 кг - А. Ақиқат (Шетпе ауылы) 42 кг…

Әлеуметтік желідегі парақшалар