Жаңалықтар

13:54 | 04 шілде 2014
Ұлан-Батырда (Моңғолия) дзюдодан «Гран-при» турнирі басталды (4-6 шілде). Өкінішке қарай, бірінші жарыс күнінде Қазақстан намысын қорғаған спортшылардың барлығы да жеңіліп қалды. Айгүл Байкулева (48 келі) түркиялық Эбру Шахиннен, Олеся Куценко (52 келі) моңғолиялық Бундма Мунхбатардан, ал Ленария Мингазова (57 келі) чехиялық Элея Де Гансовадан ұтылды.
09:51 | 04 шілде 2014
Қазақстанның дзюдодан ерлер құрамасы шілде айының 4-10 аралығында Испанияда оқы жаттығу өткізіп, 11-14 шілде аралығында Германияда өтетін Гран-приге қатысады. Сондай-ақ, қыздар құрамасы Монғолияда 4-6 шілде аралығында өтетін Гран-приде бақ сыйнайтын болады.
15:59 | 03 шілде 2014
Шілденің 4-6 аралығында Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан «Гран-при» турнирі өтеді. Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасы келесі құраммен өнер көрсетеді: 48 келі. Айгүл Байкулева 52 келі. Олеся Куценко (суретте) 57 келі. Ленария Мингазова, Назгүл Құбашева 63 келі. Мариан Ордабаева, Анар Жұмабаева 70 келі. Зәмзәгүл Файзоланова, Ділбар Өмірәлиева 78 келі. Зарина Райфова
09:44 | 02 шілде 2014
Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 300-ге тарта (1991 жылғы) жасөспірім қатысты. Нәтижесінде командалық есепте Қызылорда облысы бірінші, Алматы облысы спортшылары екінші орынды жеңіп алса, Шығыс Қазақстан облысының палуандары үшінші орынды місе тұтты.
07:01 | 25 маусым 2014
Қазақстанның дзюдодан жастар құрамасы қазір Астанада Германия және Қырғызстан командасымен бірлескен оқу-жаттығу өткізіп жатыр.Оның аясында ҚР дзюдодан жастар командасының аға бапкері Нұрбол Сүлейменов алдағы жоспарларымен бөлісіп, сауалдарымызға жауап берді. Нұрбол Нұриұлы, Германия және Қырғызстан құрама командасымен бірлескен жаттығуды Астанада өткізуге не түрткі болды? -Оқу-жаттығуға Қазақстан ұлттық құрамасы, Германия және Қырғызстан командаларының спортшылары қатысуда. Мысалы: Германия Еуропаның спорт мектебі деп есептеледі,…

Әлеуметтік желідегі парақшалар