Жаңалықтар
23:01 | 08 шілде 2014
Қазақстан Республикасының спорт шебері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды облысы, Қаражал қаласының олимпиадалық резервтегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдодан аға жаттықтырушысы Тәжікеев Дүйсенбай Тәжікейұлымен сұхбат
Дүйсенбай аға, жалпы күреске, оның ішінде дзюдоны таңдап алуыңызға не түрткі болды ?
-Мен студент кезімде самбо және қазақ күресімен айналыстым, ал енді дзюдо туралы газеттерден оқып біліп жүрдік, кейіннен дзюдодан жаттығу өтіп жатқанын…
13:54 | 04 шілде 2014
Ұлан-Батырда (Моңғолия) дзюдодан «Гран-при» турнирі басталды (4-6 шілде).
Өкінішке қарай, бірінші жарыс күнінде Қазақстан намысын қорғаған спортшылардың барлығы да жеңіліп қалды. Айгүл Байкулева (48 келі) түркиялық Эбру Шахиннен, Олеся Куценко (52 келі) моңғолиялық Бундма Мунхбатардан, ал Ленария Мингазова (57 келі) чехиялық Элея Де Гансовадан ұтылды.
09:51 | 04 шілде 2014
Қазақстанның дзюдодан ерлер құрамасы шілде айының 4-10 аралығында Испанияда оқы жаттығу өткізіп, 11-14 шілде аралығында Германияда өтетін Гран-приге қатысады. Сондай-ақ, қыздар құрамасы Монғолияда 4-6 шілде аралығында өтетін Гран-приде бақ сыйнайтын болады.
15:59 | 03 шілде 2014
Шілденің 4-6 аралығында Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан «Гран-при» турнирі өтеді. Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасы келесі құраммен өнер көрсетеді:
48 келі. Айгүл Байкулева
52 келі. Олеся Куценко (суретте)
57 келі. Ленария Мингазова, Назгүл Құбашева
63 келі. Мариан Ордабаева, Анар Жұмабаева
70 келі. Зәмзәгүл Файзоланова, Ділбар Өмірәлиева
78 келі. Зарина Райфова
09:44 | 02 шілде 2014
Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 300-ге тарта (1991 жылғы) жасөспірім қатысты. Нәтижесінде командалық есепте Қызылорда облысы бірінші, Алматы облысы спортшылары екінші орынды жеңіп алса, Шығыс Қазақстан облысының палуандары үшінші орынды місе тұтты.