Туған күніңмен, Асқар аға!
00:09 | 01 тамыз 2014
Бүгін ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор, педагог әрі бапкер Асубаев Асқар Рақымұлы 75 жасқа толды!
Ол дайындаған спортшылар арасында 36 КСРО спорт шебері, 16 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және көптеген танымал спортшы бар. Оның шәкірттері мемлекеттік жоғары қызметтерде еңбек етеді, бес ғылым докторы мен көптеген ғылым кандидатын дайындаған.
Асқар Рақымұлы қазақ дзюдосының қалыптасуына зор үлес қосты! Оның ел спортының дамуы жолындағы еңбегі ерекше!
Сізге мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз!
0 пікірлер