Қазақстан мен Моңғолияның дзюдо федерациясы меморандумға қол қойды
12:10 | 13 қаңтар 2015
Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы Моңғолия Республикасының дзюдо федерациясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа сай тараптар өз мемлекеттерінде өткізілетін спорттық іс-шаралар туралы ақпаратпен, дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларымен, ұлттық құрама командаларды дайындау мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік құралдарымен бөліседі. Сонымен қатар, спорттық ғимараттар құрылысы, оларды пайдалану және басқару, спорттық маркетингті дамыту тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасу көзделген.
0 пікірлер