Жаңа жыл құтты болсын, достар!

14:23 | 31 желтоқсан 2014

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Өтіп бара жатқан 2014 жыл спорт әлеміндегі біздің отандастарымыздың жарқын жеңістерімен есте қалды. Жыл бойына қазақ спортшыларының бағындырған талай белестерін назардан тыс қалдырмадық. Артылған үмітіміз ақталды.

Сіз бен бізді бір арнаға тоғыстырған - спортқа деген махаббат. Сондықтан санаулы күнде есігін айқара ашатын ғасырдың он төртінші жылы Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке әкелсін. Барлық істеріңіз бен игі басталамаларыңызға ақ жол ашылып, мол табыстарға кенеліңіздер. Спорт арнасында жеңіс тойларын жиі тойлай берейік.

Бізбен бірге болғандарыңызға РАХМЕТ!

1

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар