Жаңалықтар

17:30 | 22 шілде 2014
Польшада шілденің 19-20 аралығында өткен Еуропа кубогінде Сатывалды Еңлік (44 келі) үшінші орын алды. Еліміздің намысын жастар арасындағы әйелдер құрамасының 7 спортшысы қорғады. Жарысқа әлемнің 33 мемлекетінен дзюдошылар қатысты.
21:29 | 12 шілде 2014
Қазақ дзюдошысы Азамат Мұқанов немістің Зиндельфинген қаласында өтіп жатқан Еуропаның ашық кубогінде топ жарды (12-13 шілде). Өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері финалда ұлттық құрамадағы әріптесі Сергей Лимнен басым түсті. Екі дзюдошымыз да негізі келіде белдеседі. Бірақ Германияда олар 73 келіде күрескен болатын. Еуропа кубогі. 73 келі. Қорытынды: 1. Азамат Мұқанов (Қазақстан) 2. Сергей Лим (Қазақстан) 3. Юлиан Колейн (Германия),…
08:59 | 10 шілде 2014
Осы аптаның соңында Ресейдің Түмен қаласы дзюдодан «Үлкен Дулыға» халықаралық турнирін қабылдайды (12-13 шілде). Осыған орай, аталған сынға қатысатын дзюдошылардың есімі белгілі болды. Қазақстан құрамасы: 60 келі. Ғұмар Қырғызбаев, Ғұсман Қырғызбаев 66 келі. Наурызбек Майлашев 73 келі. Қайрат Ағыбаев, Арман Махамбетов 81 келі. Фархад Розықұлов
23:01 | 08 шілде 2014
Қазақстан Республикасының спорт шебері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды облысы, Қаражал қаласының олимпиадалық резервтегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдодан аға жаттықтырушысы Тәжікеев Дүйсенбай Тәжікейұлымен сұхбат Дүйсенбай аға, жалпы күреске, оның ішінде дзюдоны таңдап алуыңызға не түрткі болды ? -Мен студент кезімде самбо және қазақ күресімен айналыстым, ал енді дзюдо туралы газеттерден оқып біліп жүрдік, кейіннен дзюдодан жаттығу өтіп жатқанын…
13:54 | 04 шілде 2014
Ұлан-Батырда (Моңғолия) дзюдодан «Гран-при» турнирі басталды (4-6 шілде). Өкінішке қарай, бірінші жарыс күнінде Қазақстан намысын қорғаған спортшылардың барлығы да жеңіліп қалды. Айгүл Байкулева (48 келі) түркиялық Эбру Шахиннен, Олеся Куценко (52 келі) моңғолиялық Бундма Мунхбатардан, ал Ленария Мингазова (57 келі) чехиялық Элея Де Гансовадан ұтылды.

Әлеуметтік желідегі парақшалар