Жаңалықтар

11:40 | 01 маусым 2017
3-4 маусым күндері Австрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтеді. Оған Қазақстан жастар құрамасынан 30 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ерлер: Дамир Болатбеков (55 кг) Бауыржан Нарбаев (55 кг) Даурен Сүйкенов (55 кг) Рамазан Мамаев (60 кг) Айболат Ыстыбай (60 кг) Нұрсұлтан Серәлі (60 кг) Рауан Бегалы (60 кг) Жасұлан Отарбек (60 кг) Марат Жанқожа (66 кг) Сұңғат Жұбатхан…
10:20 | 31 мамыр 2017
2-4 маусым күндері Орал қаласында Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған VIII халықаралық турнир өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының талаптарына сай өткізілетін турнирге Қазақстаннның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс-жақын шетелден дзюдошылар қатысады деп жоспарланған. Халықаралық турнир Орал қаласындағы «Мұз сарайында» өтеді.
17:30 | 28 мамыр 2017
Бүгін Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті. Құрлықтық біріншілікті Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен медаль саны бойынша жалпы есепте 29 ел ішінде 4-орынмен аяқтады. Чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орында Жапония (8 алтын, 1 күміс, 3 қола), екінші орында Оңтүстік Корея (3 алтын, 4 күміс, 7 қола), үшінші орында Моңғолия (1 алтын, 3 күміс,…
18:15 | 27 мамыр 2017
Гонконгта өтіп жатқан Азия Чемпионатының жекелей сындары аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасынан құрлықтық біріншілікке 18 дзюдошы қатысып, 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен Чемпионатты 4-орынмен аяқтады. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Максим Раков ел намысын абыроймен қорғады. Ол финалға дейін қарсылас шыдатпай, финалда кореялық Ким Хуеншеолды вазари ұпайымен ұтып, Азия чемпионы атанды. Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) финалға дейін жетіп,…
15:54 | 27 мамыр 2017
Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан сапынан қатысқан 9 дзюдошының бесеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр. Азия Чемпионатына +78 келіде қатысып жатқан отандасымыз Гүлжан Исанова шешуші белдесуде өзбекстандық Рахима Юлдашеваны иппонмен ұтып, чемпионаттыың қола медаліне қол жеткізді.

Әлеуметтік желідегі парақшалар