Еуразия ұлттық университеті ректорының кубогы үшін турнир өтті

09:21 | 07 наурыз 2015

2015 жылы 6 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» спорт кешенінде ЕҰУ ректорының Кубогы үшін дзюдодан республикалық турнир өткізілді. Еліміздің 13 жоғары оқу орнының командасы қатысқан жарыста бір миллион теңге жүлде қоры сарапқа салынды.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жеңіп, ректор кубогымен қатар, 500 мың теңгені қанжығаларына байлады. Екінші орын алған Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасына 300 000 теңге сыйланды. Сондай-ақ, үшінші орынға табан тіреген Астана қаласы республикалық мектеп интернаты мен Алматы қаласы республикалық спорт колледжіне 100 000 теңгеден табысталды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар