АЙБЕК ИМАШЕВ : «Қарсыластың барлығы мықты, осалы жоқ»

00:24 | 11 маусым 2015

Жастара арасында Азия чемпионы, жастар арасында ел біріншілігінің күміс жүлдегері, 2013 жылы ересектерге көшіп Ресейде ересектер арасында өткен әлем біріншілігіне алғаш рет қатысып бесінші орынға тұрақтаған, әлемдік рейтингте алғашқы 40 спортшының қатарында. Ол жақында Венгрияда өткізілетін Гран - при жарысына қатысатын болады.

Айбек соңғы уақытта негізгі құрамда өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айнала бастадың, ең алдымен қай өңірде туып өстің, ауылың туралы айтып берсең

- Мен Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келдім. Алайда негізгі өскен жерім, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы. 2004 жылы әкем мен әпкем Халида жетектеп дзюдо күресі үйірмесіне алып келген еді. Дзюдоға келген себебім, 2002 жылы Таусамал лагеріне барғам. 2002 жылы еліміздің дзюдо құрамасы әлем біріншілігіне дайындық үстінде еді. Ол кезде бас құраманы Таутанов Манарбек пен Саламатов Жәкен ағай басқаратын. Асхат Жіткеев, Асхат Шахаров сияқты мықты балуандар сол уақытта дайындалып жүрген. Манарбек аға күреске қатыс деп, маған қазіргі бапкерім Әділ Бейсенқұлға жолық,- деді. Содан мен каратэні қойып, 2004 жылдан бастап дзюдо күресімен шұғылдана бастадым. Сөйтіп 1 жылға жуық уақыт қатысып, 2005 жылы Астанадағы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған републикалық мектеп - интернатына түстім. Онда Қабылхан Жазанбек деген жаттықтырушы екінші бапкерім болды, сол кісіден тәлім алып, алдымен жасөспірімдер, одан кейін жастар құрамасы сапында өнер көрсетіп, аллаға шүкір қазіргі таңда ересектер арасындағы құрама командада дайындалып жатырмын.

Сен ересектер арасындағы әлем біріншілігінде де бағыңдың сынап көрдің . Мықты спортшыларды көрдің, өз салмағыңда мықты деген қандай дзюдошыларды атап өтер едің ?

-60 келі салмақ дәрежесі өздеріңіз білесіздер бәсеке жоғары салмақ. Жапон балуандары, кәрістер, Ресей , Грузия дзюдошыларын атап өтер едім. Алайда өзіміздің құрамадағы балуандар бәсеке тудыратындай мықты қарсыластар. Қарсыластың барлығы мықты, осалы жоқ деп есептеймін.

-Өткен жылы ел біріншілігіне не себепті қатыспадың?

-Қазақстан біріншілігінің алдында Абу - Дабиде «Үлкен дулыға» жарысында қолымды шығарып алған едім. Сол себепті және бас бапкеріміз Ермек ағайдың айтуынша, оған дейін Азия ойындары мен Әлем біріншілігіне қатысқан спортшыларды ел біріншілігінде бақ сынамауға болады деп, өздерімізге ерік берген еді. Дегенмен, мен бір салмақ жоғары күресем бе деп ойлаған едім. Бірақ жарақатқа байланысты қатыспадым.

Сол Шымкентте өткен ел біріншілігінде жаңа есімдерді байқадың ба?

-60 келіде бұрыңғы мықты майталман балуандардың өнерін тамашаладым. Рустам Ыбраев пен Асхат Тельманов ақтық сынға шығып, финалда күресті. Оған дейінде балалар жаман болған жоқ, Олимпиада да күрескен біздің Еркебұлан Қосаев, ағайынды Ғұмар мен Ғұсман Қырғызбаевтар жақсы өнер көрсетті. Бұрыңғы келе жатқан балуандарды көрдім, жаңа есімдерді байқамадым.

Әлем біріншілігінде жақсы күрестің, оған жұрт куә. Дегенмен жүлдеге ілінуге не жетіспеді?

-Әлем біріншілігінде дайындығым жақсы болды. Әлем чемпионымен шығам деп жасқанған жоқпын. Сол кезде біреу байқаған болар, мүмкін байқалмады, алғаш шыққанда, мен самайыммен түсіп, есеңгіреп қалдым. Көрермендер мен ағайлардың айтуынша, Такатамен күрескенде «иппон» болды. Бірақ төрешілер «вазари» ұпайын берді, ал қылқындырып жатқан кезде, төреші тоқта деген бұйрық берді, оны естіп тұрып, жіберіп қойдым ,шамалы секундттар қалған, қыса берсем мүмкін ұйықтапта қалушы еді. Токатаны дәрігерлік көмек сұратып, алып кетті. Әлемдік аренада бірінші рет күресуім. «Вазари» ұпайы жартылай жеңіс қой, неге жеңбегенім өзіме де әлі күнге дейін түсініксіз, ойланам. Біздің Азамат Мұқанов, Максим Раков ғаламтор арқылы кездесуді көріп, өз тәжірибелерін айтып, сен жеңген едің,- деп жұбатқандай болды. Сол қателіктерді келесіде болдырмау керек, соған тырысам.

Дегенмен бұл әлемдік сахнада , ересектер арасындағы алғашқы біріншілік қой, бесінші орын көңіліңе толған болар?

-Әлем біріншілігіне ересектер арасында алғашқы шығуым, дегенмен «әттеген-ай» деген бар. Медаль алсам ба деп едім, бесінші орын ол бесінші. Медаль алғаным жақсы еді, бірақ алла тағаланың бұйырғаны осы шығар,- деп тәубеме түсіп, бесінші орынға шүкіршілік еттім.

Жақын болашаққа қандай мақсаттар қойдың ?

-Жапонияда өткен оқу-жаттығудан тағы жарақат алып қалдым, дегенмен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен дзюдо федерациясы басшылығының арқасында Астанада емделіп, жаттығуға кірістім. Алдағы жсопар Олимпидалық рейтингке ұпай жинап, алдағы жарыстарда топ жару, көп еңбектену керек.

Өзіңнің есіңде қалған қарсыласың кім? Оңай түспеген жеңісті есіңе алсаң

-Ең бірінші ересектер арасындағы Тбилисиде өтетін Гран Приде бірінші белдесуде жеңіп, Израиль балуаны Артем Машанский арасындағы белдесу есте. Ол Олимпиадада күресіп жүрген балуан. Есте қалған себебі, мен оған бір «вазари» және екі ескертумен жеңіліп жаттым. 8 секунд уақыт қалған еді, сол уақытта өз әдісімді жасап үлгердім, сол мезетте уақыт аяқталды, мен жеңдім. Ол ұмытылмас сәтім.

Отбасың туралы айтып берсең

-Менің егізім бар, қарындасыманан 10 минутқа үлкенмін. Әпкем Хадиша, Мейірбек деген ағам бар, ең үлкен ағам алланың жазуымен өмірден өтті. Әкем кезінде самбомен айналысқан, ал ағам Мейірбек бокспен шұғылданған. Жеке басыма келсем, әзірге бойдақпын. Үйлену әзірге ойда жоқ. Маңдайыма жазғаны табылғанда үйленерміз.

Қандай арманың бар?

-Армансыз адам болмайды, сондықтан спортшы болғандықтан, жемісті болғанын тілеймін, үлкен жетістіктерге жетіп, көк туымызды желбірету, арман Олимпиада ойындарына қатысу. Арманым сенетін адамдардың сенімін ақтау.

Өзің сияқты спорт саңлақтарын қолдау қандай деңгейде деп ойлайсың?

-Біріншіден алланың арқасы, мұнан соң Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясына, Дзюдо федерациясына, Маңғыстау облысының спорт басқармасына алғыс айтам. Әрине олар бізді қолдамаса, нәтиже көрсету қиын болар еді. Сондықтан сенімдерін ақтауға тырысамыз. Аауылдағы ағаларыма рахмет,үнемі маған қолдау көрсетіп отырады. Жағдай жасалуда, қай жағынан болмасын, дәрі - дәрмек, спорттық киімдер, жалақы жағынан жақсы қоладу бар, сыйыақы да қарастырылған. Шүкір дейміз. Халыққа да алғыс айтам, олар жанкүйерміз, қиқулап қолдағандары үлкен күш береді.

-

Әңгімеңізге рахмет, жарыс жолында жеңіс тілейміз!

Сұхбаттасқан: Хасен Молдабаев

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар