Азия біріншілігіндегі алғашқы жарыс күні жемісті болды

19:56 | 09 қазан 2015

Кадеттер арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде қыздар арасында Ақмарал Науатбек (44 келі, Астана) пен Ғалия Тынбаева (48 келі, Алматы қаласы) алтын алды, ал Әдия Сайын (40 келі, Қызылорда облысы) күмісті олжалады, Аида Карчаева (52 келі, Жамбыл облысы) үшінші орын иегері атанды. Ұлдар арасында Архат Әнуарбек (50 келі, Жамбыл облысы) пен Сұңғат Жұбатхан (60 келі, Ақтау) және Жанқожа Марат (66 келі,Қызылорда) алтын медаль иегерлері атанса, Диас Әшімов (55 келі, Қарағанды облысы) күміс жүлдеге ие болды.

4a80e5c3dfbfd0a5ae7220d33c0ed19d.jpg

Айта кетейік, Азия чемпионаты жасөспірімдер мен жастар арасында Тайландтта өткізіліп жатыр. Бүгін татамиде жасөспірімдер бақ сынады. Жастар құрамасы жарыс жолына 11-12 қазанда шығады.

7f0ded7a46a1bf4d0bbfcad9f3a135e9.jpg

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар