Жаңалықтар

19:26 | 12 қазан 2015
Қазанның 23-27 аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде (Абу- Даби) жастар арасында әлем біріншілігі өткізіледі, оған еліміздің жастар командасы келесідей құрамда қатысады деп жоспарланған: Ерлер: Мағжан Шәмшәдин (55 келі) Дидар Тәттібай (55 келі) Жақсыбек Жеңісбек (60 келі) Бауыржан Жауынтаев (60 келі) Ерлан Серікжанов (66 келі) Бақытжан Әлімжанұлы (73 келі) Дидар Хамза (73 келі) Никита Азаров (100 келі) Еламан Ерғалиев (+100 келі) Қыздар:…
19:05 | 12 қазан 2015
Қазақ елінің мақтанышы, еліміздің ерлер құрамасының белді мүшесі, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Рустам Ыбраев пен қыздар құрамасының мүшесі, ҚР спорт шебері Анар Сейтімова отау тікті. Дзюдо федерациясының ұжымы мен барлық спортшылар атынан жас шаңырақты үйлену тойларымен құттықтаймыз. Бақытты болыңдар!
17:28 | 12 қазан 2015
Азия біріншілігінде алғашқы екі күн қатарынан кадеттер құрамасы бақ сынады. Олардың қоржындарында 6 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль бар.Осының арқасындаеліміздің кадеттер құрамасы жалпы командалар арасында бірінші орын алды. Қорытынды: 1 орын : Ақмарал Науатбек (44 келі, Астана) Ғалия Тынбаева (48 келі, Алматы қаласы Кәмилә Берліқаш (+ 70 келі, Алматы облысы) Архат Әнуарбек (50 келі, Жамбыл облысы) Сұңғат Жұбатхан (60…
03:58 | 12 қазан 2015
Осы күндері Бангкокта жастар арасында өткізіліп жатқан Азия біріншілігінде жарыстың алғашқы күні Мадияр Сембаев (73 келі) екінші орын алса, ал Қанат Сейілхан (55 келі) біріншіліктің қола жүлдегері атанды. Сонымен қатар, жастардан жасақталған қыздар құрамасы да жүлделерімен қуантты. Гүлфайруз Наймантаева (44 келі), Кәмшәт Қарасайқызы (52 келі) мен Мөлдір Болатбекова (57 келі) барын салды. Нәтижесінде үшеуі бірдей жарыстың қола жүлделерін жеңіп алды.…
11:26 | 11 қазан 2015
КСРО спорт шебері Дуанов Мұратбек Базарқатұлын еске алуға арналған (ШҚО, Өскемен) жастар арасындағы халықаралық турнирге Қазақстан және Ресейден келген 167 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша мадаль қорымен ШҚО спортшылары бірінші, Алматы облысының дзюдошылары екінші орын алды, Астана қаласының балуандары үшінші орынды місе тұтты. Командалық есепте ШҚО екі бірдей командасы бірінші және екінші орынды өзара бөлісті, ал үшінші орынға Астана қаласының…

Әлеуметтік желідегі парақшалар