Жастар құрамасы жарады

03:58 | 12 қазан 2015

Осы күндері Бангкокта жастар арасында өткізіліп жатқан Азия біріншілігінде жарыстың алғашқы күні Мадияр Сембаев (73 келі) екінші орын алса, ал Қанат Сейілхан (55 келі) біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

Сонымен қатар, жастардан жасақталған қыздар құрамасы да жүлделерімен қуантты. Гүлфайруз Наймантаева (44 келі), Кәмшәт Қарасайқызы (52 келі) мен Мөлдір Болатбекова (57 келі) барын салды. Нәтижесінде үшеуі бірдей жарыстың қола жүлделерін жеңіп алды.

dce1fece17f05688efacab0655346a0e.jpg

Айта кетейік, ертең де жарыс жалғасады. Осыған дейін аталмыш қалада кадеттер арасында өткізілген Азия біріншілігінде, жасөспірімдер құрамасы 12 медаль олжалаған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар