Жаңартылған әлемдік рейтинг (ерлер)
Осы демалыс күндері дзюдо сүйер қауымды екі бірдей жарыс күтіп тұр. Бірі Өскемен қаласында жастар арасында өтетін ел біріншілігі. Жас спортшылар үшін жастардан құралған ұлттық құрама сапына қосылуларына мүмкіндік болады және аталмыш жарыс Азия біріншілігіне қатысатын спортшыларды іріктеу екенін еске саламыз.
Екінші жарыс ересектер арасында өткізілетін Германиядағы «Grand-Prix». Оған бірінші нөмірлі спортшыларымыз қатысады. Айта кету керек, бүгінгі таңда еліміздің құрамасы командалық рейтингте 8 орында тұр. Ал, бірқатар жарыстардан кейін спортшыларымыздың әлем рейтингіндегі орны келесідей:
Елдос Сметов (60 келі) – 5 орын
Рустам Ыбраев (60 келі) – 9 орын
Айбек Имашев (60 келі) – 23 орын
Жансай Смағұлов (66 келі) – 25 орын
Елдос Жұмаханов (66 келі) – 31 орын
Азамат Мұқанов (66 келі) - 49 орын
Дастан Ықыбаев (73 келі) – 41 орын
Ертуған Төренов (73 келі) – 80 орын
Хамза Дидар (73 келі) – 88 орын
Азиз Қалқаманұлы (81 келі) – 51 орын
Дәулетхан Жақыпов (81 келі) – 110 орын
Самат Есен (90 келі) – 80 орын
Максим Раков (100 келі) – 10 орын
Ержан Шынкевв (+100 келі) – 48 орын
Айтуар Абдуллов (+100 келі) – 90 орын
0 пікірлер