Жаңалықтар

15:38 | 14 мамыр 2016
«Grand Prix» жарысының екінші күнінде ұлттық құрамадан төрт салмақ бойынша 16 спортшы шығып, ақтық сында бір спортшымыз қалды. 73 келідегі Дидар Хамза қола үшін белдесетін болды. Дидар Хамза бірінші айналымда француз Шайн Жуллейді жеңіп, одан кейін Египеттен келген қарсыласы Мохиелдин Могамедтен басым түсті. Алайда келесі кездесуінде белгілі Грузия балуанымен шықты. Ол ссы салмақ дәрежесінде рейтинге үшінші орында тұр. Дидар Таталавшили…
18:44 | 13 мамыр 2016
Алматыда Балуан Шолақ спорт сарайында өтіп жатқан Гран При жарысының бірінші күні ел спортшылары үшін сәтті өтті. Алғашқы алтын медалді 48 келіде сынға түскен Галбадрах Отгонцецег қоржынға салса, күміс жүлдені 60 келіде Рустам Ибраев иеленді. Қола үшін белдесуге шыққан қос бірдей балуанымыз қарсыластырына есе жіберді. Атап айтқанда, 60 келіде Асхат Тельмановты өзбекстандық Диорбек Уразбеков «вазари» әдісімен жеңсе, Айбек Имашевты да…
17:57 | 13 мамыр 2016
Бүгін «Grand Prix» жарысы аясында Дзюдо академиясы ресми түрде ашылды. Дзюдо академиясының салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысты. Жаңадан ашылған дзюдо академиясы халықаралық стандартқа сай. Спорт кешенінде төрт татамиге арналған зал, жаттығу залы, 100 орындық жатақхана мен…
15:17 | 13 мамыр 2016
Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болып жатқан Гран При жарысының бірінші күнінде Қазақстан Ұлттық құрамасынан 18 спортшы шықты. Оның 3-еуі, атап айтқанда, Галбадрах Отнгонцэцг (48 келі), Рустам Ибраев (60 келі) және Жансай Смағұлов (66 келі) финалға жолдама алды. Сонымен қатар, төрт спортшымыз Асхат Тельманов пен Айбек Имашев (60 келі), Жұмақанов Елдос пен Азамат Мұқанов (66 келі) қола медаль үшін…

Әлеуметтік желідегі парақшалар