Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астанаға келді
Кочиде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды. Құрама бапкері Ғайнулла Есенғалиев дзюдошылардың жетістігіне көңілі толғандығын айтты. «Ұлдарымыз мақсатты толығымен орындады. Қыздар құрамасынан бір алтын күткен едік. Өкінішке қарай, финалға жолдама алған спортшымыз қарсыласқа есе жіберіп алды. Дегенмен, бұл чемпионат құрамадағы жас дзюдошыларымыздың алғашқы үлкен жарысы. Қарсыластарының да айла-тәсілдері жат. Татамиде барлығы бір-бірімен бірінші рет кездесіп жатыр. Осыған қарамастан, 11 жүлдемен оралу жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Әрқайсысының жетістігіне көңілім толады» - дейді бапкер Ғайнулла Есенғалиев.
Естеріңізге сала кетсек, 8-9 қыркүйек күндері Кочиде жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасынан 16 жас спортшы қатысып, оның 11-і жүлделі орыннан көрінді. Олардың 3-еуі Азия чемпионы атанса, екі дзюдошымыз вице-чемпион болды. Қалған 6 спортшымыз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Азия чемпиондары:
Рауан Бегалы – 60 кг
Дамир Болатбеков – 50 кг
Санжар Балғымбеков – 73 кг
Күміс жүлдегерлер:
Бибіхан Нәбиева – 40 кг
Мөлдір Нарынова – 63 кг
Қола жүлдегерлер:
Жансұлтан Баубекұлы – 90 кг
Санжар Жаббаров + 90 кг
Ғалия Тынбаева – 44 кг
Нұрсұлу Ералиева – 48 кг
Нұржамал Жарманова – 52 кг
Камила Берлікаш + 70 кг
0 пікірлер