Жаңалықтар

01:56 | 25 наурыз 2018
Бүгін Германияда дзюдодан жастар арасында халықаралық Тюринги кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан жастар құрамасы жарысты 1 қола медальмен аяқтады. +78 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Камила Берліқаш жұбаныш финалында германиялық Рени Лашты жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Айта кетерлігі, халықаралық жарысқа әлемнің 16 елінен 500-ден астам жас татами шеберлері қатысты.
13:21 | 20 наурыз 2018
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Екатеринбургте өткен әлемдік «Grand Slam» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Жаңартылған рейтингке сәйкес, жарыс Чемпионы Елдос Сметов 2023 ұпаймен 32-орыннан 21-орынға көтерілді. Қазақстандық дзюдошылар IJF рейтингінде келесідей орналасқан (1-50): 60 кг Ғұсман Қырғызбаев – 7 (3358) Елдос Сметов – 21 (2023) Рустам Ибраев – 48 (695) 66 кг Елдос Жұмақанов – 12 (2630) Азамат Мұқанов –…
19:15 | 17 наурыз 2018
Елдос Сметов Екатеринбургте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Чемпион атанды. Ол финалда ресейлік Ислам Яшуевті уақытынан бұрын таза жеңді. Отандасымыз алғашқы айналымда тәжік балуаны Мехрзод Суфиевті, екінші белдесуінде бразилиялық Эрик Такабатені, ал жартылай финалда француз Валиде Хиярды ұтып, жарыс барысында өзіне қарсылас шақ келтірмеді.
15:42 | 17 наурыз 2018
Екатеринбургте өтіп жатқан "Grand Slam" турнирінде Елдос Сметов (60 кг) финалға шықты. Ол жартылай финалда француз Валиде Хиярды жеңді. Финалда ресейлік Ислам Яшуевпен күреседі. Сондай-ақ, Жансай Смағұлов (73 кг) қола медаль үшін күреседі. Финал Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді.
16:02 | 15 наурыз 2018
17-18 наурыз күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан кезекті әлемдік «Үлкен дулыға» жарысы өтеді. Жылдың ең маңызды додаларының бірі саналатын жарысқа қатысты дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов пікірін білдірді. «Екатеринбургте өтетін «Үлкен дулыға» турниріне 60 келіге дейінгі салмақта Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов қатысады. Ол аяғындағы ауыр жарақатына байланысты көптеген жарысқа қатыспады. Биылғы…

Әлеуметтік желідегі парақшалар