Жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

11:30 | 12 қыркүйек 2016

10-11 қыркүйек күндері Индия қаласы Кочиде жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасынан 18 спортшы қатысып, оның 12-сі жүлделі орыннан көрінді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жеңісбек Жақсыбек қарсылас шыдатпай, Азия чемпионы атанды. Қыздардан 78 келіде ел намысын қорғаған Қадірбекова Перизат жастар арасындағы Азия чемпионы болды.

Абужакинова Абиба (48 кг), Салықова Ажар (63 кг), Маратова Назгүл (+78 кг)Жарылғапов Нұрдаулет (+100 кг) Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Сайын Адия (44 кг), Сұлтанбекова Салтанат (52 кг), Жұбатхан Сұңғат (66 кг), Қашқын Жанар (70 кг) және Мұхаметжанов Жасұлан (100 кг) сынды дзюдошыларымыз Азия чемпионатының қола медалін қанағат тұтты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар