Жаңалықтар

13:22 | 15 желтоқсан 2015
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дзюдо федерациясының президенті Рақышев Кеңес Хамитұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. Тәуелсіздік күні қарасаңында берілген «Құрмет» ордені экономика мен әлеуметтік салаға, ғылым мен мәдениетке, жалпы қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде араласқаны үшін берілетін марапат.
15:24 | 14 желтоқсан 2015
Алматы қаласында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы Ахмет Байтұрсыновты еске алуға арналған жасөсіпірмдер арасында дзюдо күресінен республикалық жарыс өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар қатысып, ұлдар 46,50,55,60,66,73,81,90 келіге дейінгі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде, ал қыздар 44,48,52,57,63,70 келіге дейінгі және70 келіден жоғары салмақта бақ сынасты.
14:44 | 12 желтоқсан 2015
Желтоқсан айының 16-19 күндері Степногор қаласында жасөспірімдер арасында қалааралық турнир өткізіледі. Оған 2002-2006 жылдар аралығында туған спортшылар қатыса алады. 16 желтоқсан күін спортшыларды тіркеу және салмақтарын өлшейтін күн. Жарыс 17 желтоқсанда сағат 10.00 басталады. Турнир барасында 26,29,32,35,38,42,46,50,55,60, 66 келі және 66 келіден жоғары салмақтағы спортшылар бақ сынайтын болады.
13:38 | 11 желтоқсан 2015
2016 жылдың 28-30 қаңтары аралығында Жапонияның астанасы Токио қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен бапкерлер мен жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізіледі. Оның барысында теория жүзінде және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылады деп жоспарланған. Шараға Қазақстан атынан қатысатын мамандардың тізімі әзірге қарастырылу үстінде.
13:30 | 08 желтоқсан 2015
Талдықорған қаласында Тəуелсіздік күніне және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұқанғали Бекмұханбетовты еске алуға арналған дзюдодан 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында дәстүрлі ашық республикалық турнир өткізілді. Оған еліміздің 10 облысынан жəне Қырғызстан мен Өзбекстаннан 400-ден аса спортшы қатысты. Хаттама сайттың «нәтижелер» бөлімінде.

Әлеуметтік желідегі парақшалар