Жаңалықтар

18:45 | 29 желтоқсан 2015
Құрметті дзюдо күресінің жанкүйрлер! Сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтай отыра, баршаңызға бақыт, береке, зор денсаулық тілейміз. Жаңа жыл әр отбасына жақсылық пен қуаныш, мол жетістік әкелсін. Сіздерге осы жыл бойы спортшыларымызға қолдау көрсетіп, ізгі тілек білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Жарыс жолында тек жеңісті күндерде жолығайық!
17:27 | 29 желтоқсан 2015
Дзюдо күресінен қазақ құрамасы Ыстық көлдегі оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Естеріңізге салайық, келер жылы Олимпиада өткізіледі. Осыған байланысты ел құрамасының алдында барынша лицензия ұтып алу мақсаты тұр. Лицезиялығ жарыстар 2016 жылдың 1 маусымында аяқталады, соңғысы – Мексикада өтетін «Мастерс» турнирі. Келер жылдың алғашқы жарты жылдығында дзюдошылар келесідей жарыстарда бақ сынайтын болады: «Grand Slam» (Париж, 6-7 ақпан), «Grand Prix» (Дюссельдорф, 19-21 ақпан)…
17:00 | 28 желтоқсан 2015
Бүгінгі таңда Рио - де -Жанейро Олимпиадасына жолдама алу жолында қызу тартыс жүріп жатыр. Естеріңізге салайық, келер жылы халықаралық дзюдо федерациясының жарыс кестесіне сай лицензия алуға ұпай беретін бірқатар жарыстар өткізіледі. Лицензиялық жарыстар маусымның 1 –не дейін ұйымдастырылады, соңғысы – «Мастерс». Ережеге сай, әлем рейтингінде ерлер арасында алғашқы тұрған 22 спортшы мен қыздар арасында 14 дзюдошы Олимпиадаға жолдама алады. Осы…
11:06 | 28 желтоқсан 2015
Қазақтың мақтанышы, әлем чемпионы Елдос Сметов пен оның сүйіктісі - Мөлдір шаңырақ құрды. Жас отбасын қуаныштарымен құттықтаймыз және жанұяларына бақыт, береке тілейміз.
15:07 | 26 желтоқсан 2015
2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдошы Асхат Жіткеев философия докторы атанды. Оның ғылыми еңбегінің тақырыбы: «Дзюдошылар дайындығында қазіргі заманғы технологияларды қолдану». Естеріңізге салайық, Асхат Жіткеев Қазақстан дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры болып қызмет жасайды. Ол өңірлерде бапкерлерге арналған семинарлар өткізумен айналысады. Сонымен қатар, ел дзюдошыларының дайындығына белсенді түрде ат салысып, халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарда қазақ құрамасымен бірге барып, спортшыларға…

Әлеуметтік желідегі парақшалар