Галбадрах Отгонцэцэцг Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медальға ие болды
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медальға ие болды.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы, «Тассай» шағынауданында орналасқан «БИІК» спорт кешенінде дзюдодан әйелдер және ауыр атлетикадан ерлер арасындағы ҚР Ұлттық құрамаларымен кездесті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Өздеріңізбен Оңтүстікте жүздескеніме қуаныштымын. Біздің өңірде заманауи үлгідегі базалық спорт орталықтары аз емес. «БИІК» спорт кешені солардың бірегейі. Сондықтан сіздердің осы орталықта жаттығып, дүбірлі додаларға дайындық жүргізулеріңіз біз үшін үлкен қуаныш. Байрақты бәскелерде қарсыластарыңыздан әрқашан бәстеріңіз биік болсын!»,- деді өңір басшысы.
Жиын барысында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев биыл республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын облыс спортшыларының дайындығы туралы баяндады. «БИІК» спорт кешенінің жұмыстарымен танысқан Жансейіт Қансейітұлы Бризилияда өткен ХХХІ Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен дэюдо күресінен әйелдер арасындағы қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэгцэгті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен марапаттады.
Айта кетейік, Оңтүстікте 4 облыстық және 4 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі ауыр атлетика бөлімдерінде 41 бапкер 600-ге жуық баланы жаттықтырады. Соңғы 25 жылда әлемдік жарыстарда, Азия біріншіліктерінде облыстың 11 ауыр атлеті топ жарса, оның 6-ауы жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Ал, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі 35 спорт мектебінің дзюдо бөлімдерінде 150 жаттықтырушы 3 мыңнан астам баланы тәрбиелеуде.
0 пікірлер