Жаңалықтар

20:45 | 28 қазан 2016
Абу-Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Азамат Мұқанов сәтті өнер көрсетті. Алғашқы қарсыласы алаң иесі Алхосами Халифаны, одан кейінгі кездесуінде бразилиялық балуан Шибана Чарльзды иппон ұпайымен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Финалға жолдама берілетін маңызды белдесуде жерлесіміз Олейник Сергюден 1 варази басым түсті. Ақтық финалда реcейлік Шамилов Якубпен белдесіп, Азамат Мұқанов күмісті…
19:22 | 28 қазан 2016
Галбадрах Отгонцэцэг Абу-Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Үлкен Дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін отандасымыз бірінші айналымда Коршер Сефораны (Франция), жартылай финалда испан қызы Юлия Фигуеродан басым түсті. Ақтық сында Галбадрах Отгонцэцэг сербиялық бұрымды балуан Милиса Николикті иппон ұпайына ие болып, жарыс жеңімпазы атанды. Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық турнирге Қазақстан құрамасынан 7 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы…
13:25 | 28 қазан 2016
Қазақстанда Конфедерация Кубогы жарысы жалғасуда. 30 қазанда «Тараз Арена» спорт сарайында «D» тобының іріктеу кезеңі өтеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарының құрамалары грек-рим және еркін күрес, дзюдо, таеквондодан финалдық кезең жолдамасын сарапқа салады. Жарысқа танымал спортшылардың қатысуы күтілуде. Командалардың турниге қатысшуылар тізімінде еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Рио Олимпиадасына қатысушы Нұрислам Санаев, Азия чемпионатының жүлдегері Жігер…
09:08 | 28 қазан 2016
Бүгін, 28 қазан - халықаралық дзюдо күні! Барлық татами шеберлерін айтулы мерекемен Қазақстан Дзюдо федерациясы құттықтайды! 1860 жылы 28 қазан күні дзюдоның негізін қалаушы - Дзигоро Кано дүниеге келген еді. Осыған байланысты халықаралық дзюдо федерациясы осы күнді 2011 жылы мереке ретінде белгілеген болатын. Осы мерекеге орай дзюдо федерациясының ұжымы атынан барлықтарыңызға жарыс жолында жеңістер, отбасыларыңызға береке, мықты денсаулық тілейміз!
17:53 | 27 қазан 2016
Бүгін, 27 қазан Абу-Дабиде халықаралық «Үлкен дулыға» турнирінің жеребесі тартылды. Әлемнің 33 елінен келген 200-ге жуық спортшы 14 салмақ дәрежесінде (ерлер – 7, әйелдер – 7) бақ сынайды. Ертең, 28 қазанда 5 түрлі салмақ дәрежесінде дзюдошылар татамиге шығады: 48 кг: Отгонцэцэг Галбадрах 60 кг: Мағжан Шамшадин 66 кг: Азамат Мұқанов 66 кг: асхат Тельманов Жарыс Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.…

Әлеуметтік желідегі парақшалар