Жаңалықтар

21:15 | 09 сәуір 2017
Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан халықаралық «Grand Prix» турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасынан 8 дзюдошы татамиге шықты. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Максим Раков жартылай финалда Ресей спортшысы Нияз Ильясовты қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, финалға шыққан болатын. Финалдағы қарсыласы ресейлік Адлан Бисултановқа вазари ұпайымен есе жіберіп, халықаралық «Grand Prix» турнирінің күміс медаль иегері атанды. Қазақстан ұлттық құрамасы қазірше 2…
20:37 | 09 сәуір 2017
Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан халықаралық «Grand Prix» турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасынан 8 дзюдошы татамиге шықты. 78 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін іркілмеген отандасымыз Альбина Амангельдиева Израиль спортшысы Ярден Маерсенге есе жіберіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған болатын. Шешуші белдесудің негізгі уақыты тең аяқталғанымен, қосымша уақыт қазақстандық спортшының еншісіне шешіліп, Альбина Амангельдиева «Grand Prix» турнирінің қола медаліне ие…
20:27 | 09 сәуір 2017
Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан халықаралық «Grand Prix» турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасынан 8 дзюдошы татамиге шығып, Зарина Райфова 78 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді. Зарина Райфова алғашқы белдесуінде Израиль спортшысы Майерсон Ярденьге жол бергенімен, жұбаныш белдесуінде түрік қызы Гюзельсой Жагриді вазари ұпайымен ұтып, жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Шешуші сында өзбекстандық Кумуш Юлдашеваны вазари ұпайымен жеңіп, қола медаль алды.…
18:20 | 09 сәуір 2017
Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан халықаралық «Grand Prix» турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасынан Максим Раков (-100 кг) финалға шықса, қыздарымыздан Зарина Райфова (-78 кг) мен Альбина Амангельдиева (-78 кг) қола медаль үшін күресетін болады. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Максим Раков жартылай финалда Ресей спортшысы Нияз Ильясовты қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, финалға шықты. Финалдағы қарсыласы ресейлік Адлан Бисултанов болмақ.…
20:37 | 08 сәуір 2017
Анталиядағы «Grand Prix» турнирінің екінші күнінде қазақстандық спортшылардан Мариан Урдабаева (63 кг) күміс медаль алды. Бірінші белдесуінде Благожевич Мажаны (Хорватия) иппон ұпайымен жеңсе, екінші айналымда Крюкова Ольганы екі вазари ұпайымен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Хакер Катаринаны (Аустралия) үш вазари ұпайымен ұтып, жарыстың шешуші финалына шықты. Алайда, финалда Австрия спортшысына жол беріп, күмісті қанағат тұтты. Естеріңізге сала кетсек, 7…

Әлеуметтік желідегі парақшалар