Нұрзат Сәлімбаев – Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

03:39 | 11 тамыз 2017

Чилидің Сантьяго қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Нұрзат Сәлімбаев (60 кг) вице чемпион атанды. Финалда ресейлік спортшы Казбек Нагушевке есе жіберген Нұрзат ел қоржынына алғашқы медалді салды.

Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде Алижандро Ретималды (Чили), екінші айналымда Курбонали Базаровты (Тәжікстан), 1/8 финалда Томас Коузо Аспитианы иппонмен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда моңғол дзюдошысы Нармандах Баянмухты иппонмен жеңіп, финалға шыққан болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Чилиде кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жылдың ең маңызды додасына 64 елден 428 дзюдошы қатысып, бақтарын сынауда. Әлем чемпионаты ағымдағы жылдың 13 тамызына дейін жалғасады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар